Мазмұнға өту

Жаңа

Ақтау қаласының зиялыларымен кездесу

Келесі кездесуіміз бір қатар азаматтармен ұстаз, еңбек ардагері, белсенді кәсіпкер Боқанов Тағанияздың үйінде өтті. Сұхбатқа 14 интеллигенция өкілдері қатысты. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлауы жөнінде жәнеNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізігі бағыттары туралы әңгіме болды.

Кездесуде ағаларымыз Нұрсұлтанов Дәрібай, Әбдібек Қосшан, Боранбаев Қуан, Көкшеев Қуан, Құрашев Ерғали, Боқанов Тағанияз және басқалар өз пікірлері мен ойларын ортаға салды. Зиялы қауым өкілдері Маңғыстау кадрларының жоғары билікке өтуіне мүмкіндік беріп отырған билік партиясын қолдау қажет екенін, 10 қаңтардағы сайлауға елдің белсенді қатысуына ат салысатындарын айтты.

Отырыс соңында Дәрібай ақсақал біздерге ақ батасын берді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
164

Медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу

Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Ақтау қаласындағы №1 емхана қызметкерлерімен онлайн кездесу өткіздім. Кездесуге 30 адам қатысты. 2021 жылы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Партияның бағдарламасына сай, дәрігерлер айлығы 2023 жылға 2,5 есеге өседі, олардың жалақысы кемінде 550 мың теңге болады. Орта медицина персоналдарының жалақысы 190 мың теңгені құрайтын болады. Кездесуде дәрігерлер атынан емхана басшысы Е.Қосмағанбетов сөз алып, медицина саласында қордаланған мәселелерді әріптестерімен ақылдасып жазбаша жолдайтынын жеткізіп, сәттілік тіледі.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
138

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

Кездесу барысында тұрғындарға партиямыздың сайлауалды бағдарламасындағы қаламыздың дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын таныстырды. Аталған бағыттар аясында алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға да тоқталып өтті.Тұрғындар өздерін толғандыратын сауалдарды қойды. Олар қойған сұрақтардың басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі сынды мәселелер болды.Сондықтан, осы мәселелер бойынша алда атқарылатын жұмыстарды кеңінен түсіндіріп, жоспарланған жаңа жобалар туралы ақпарат берді.«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне, жаңа баспананың әрбір отбасыға қолжетімді болуына күш салады.Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен 5 жылда аймақта 80 мың…

0
0
153

«Есіктен есікке» акциясы

Сайлау науқанының екінші күнінде менің сенімді өкілдерім «Есіктен есікке» акциясы аясында Құрық ауылындағы 1 және 2 шағын ауданындарында тұрғындармен кездесіп,Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп шықты. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

NurOtan NurOtan-Aktau

0
0
172

"Есіктен есікке" акциясы Қарақия ауданында

Сайлау науқанының екінші күні қасыма сенімді өкілім Нұржігіт Нұрболатұлы алып, «Есіктен есікке» акциясы аясында Құрық ауылындағы 1 және 2 шағын ауданындарында тұрғындармен кездесіп,Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға үгіттедік. Жалпы осы акцияда қамтылған сайлаушылардың саны 104 адам.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
125

Азаматтарды жеке қабылдау

Құрық елді мекенінде Nur Otan партиясының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өтті. Өз мәселелерімен 6 тұрғын кездесуге келді. Негізгі көтерілген сұрақтар: жұмысқа орналасуға ықпал ету, көп балалы ана тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарына көмек сұрау, тұрғын үйдің жылу мәселесі, мүгедек баланың еміне қаржының жоқтығы. Тұрғындарға кеңестер берілді және кейбір мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
127

Партияның сайлауалды бағдарламасын баяндау

"Бес шоқы" аулындағы кездесуде сайлаушыларғаNur Otanпартиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірдік. Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақ қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Негізгі көтерілген мәселер: ауылдағы тұрмыстық қоқыс-қалдықтарды жинауды реттеу, көше жарықтарын жасау, трансформаторды ауыстыру, балалар ойын алаңын салу, қандастарымыз азаматтық алуды жеңілдету. Жиналысқа қатысқан облыс мәслихатына үміткер, қазір Мұнайлы аудандық мәслихатының депутатыСадуакас Битан біраз мәселелердің жоспарда бар екенін және олардың алдағы уақытта іске асырылатынын айтып өтті.Көш-қон сұрақтарын және шетелден көшіп келген қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алу механизмдерін қайта қарастыруды өзімнің жұмыстарымның басты бағыттарымның бірі болатынын айттым.Кездесу соңында тұрғындар NurOtan партиясын…

0
0
193

Nur Otan сайлауалды бағдарламасын түсіндіру

Nur Otan сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында бірнеше көпбалалы отбасыларына бардық. Бізбен бірге облыстық мәслихат депутаттығына үміткерЖулдыз Муханбеткаликызы, Бердіғали Берекетов, Жанболат Саймағанбетовтер болды. Рахат аулындағы отбасылары мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектерін уақытында алып отыр екен. Су, тоқ, газ мәселесі шешілген. Мектеп жасындағы балаларына онлайн сабақ оқу интернеттің әлсіздігінен қиын болып отыр екен. Бұл мәселені жергілікті әкімдік білетінін және оны шешуге жұмыстанып жатқанын партияның қалалық штабының орынбасары Өтебаев Майлыбай ағамыз айтып өтті. Жаңаөзендік отбасылары сайлауға бірауыздан қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге үгіттедік. Шараға 25 адам қатысты.

#NurOtan

NurOtan NurOtan-Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
349