Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу

Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер ретінде Ақтау қаласындағы №1 емхана қызметкерлерімен онлайн кездесу өткіздім. Кездесуге 30 адам қатысты. 2021 жылы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Партияның бағдарламасына сай, дәрігерлер айлығы 2023 жылға 2,5 есеге өседі, олардың жалақысы кемінде 550 мың теңге болады. Орта медицина персоналдарының жалақысы 190 мың теңгені құрайтын болады. Кездесуде дәрігерлер атынан емхана басшысы Е.Қосмағанбетов сөз алып, медицина саласында қордаланған мәселелерді әріптестерімен ақылдасып жазбаша жолдайтынын жеткізіп, сәттілік тіледі.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
129

Осы тақырып бойынша

Медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу - Yvision.kz