Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтау қаласының зиялыларымен кездесу

Келесі кездесуіміз бір қатар азаматтармен ұстаз, еңбек ардагері, белсенді кәсіпкер Боқанов Тағанияздың үйінде өтті. Сұхбатқа 14 интеллигенция өкілдері қатысты. Алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлауы жөнінде жәнеNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізігі бағыттары туралы әңгіме болды.

Кездесуде ағаларымыз Нұрсұлтанов Дәрібай, Әбдібек Қосшан, Боранбаев Қуан, Көкшеев Қуан, Құрашев Ерғали, Боқанов Тағанияз және басқалар өз пікірлері мен ойларын ортаға салды. Зиялы қауым өкілдері Маңғыстау кадрларының жоғары билікке өтуіне мүмкіндік беріп отырған билік партиясын қолдау қажет екенін, 10 қаңтардағы сайлауға елдің белсенді қатысуына ат салысатындарын айтты.

Отырыс соңында Дәрібай ақсақал біздерге ақ батасын берді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
156

Осы тақырып бойынша