Жаңа
Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Майлыбаев Талғат Қабдешұлының қабылдауы
"Nur Otan"партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдауды Жылыой аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Майлыбаев Талғат Қабдешұлы ашып жүргізіп, қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындарын 2021-2025 жылдарға бағытталған ауданның Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.
30-шы желтоқсан күні "КАНДИДАТҚА СҰРАҚ ҚОЙ" тікелей эфир барысында
30-шы желтоқсан күні сағ 14:00-де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында КАНДИДАТҚА СҰРАҚ ҚОЙ тақырыбында тікелей эфир өткіздім. Тікелей эфирге бірнеше адам қосылып, ой-пікірлерін, сауалдарын қойды. Сонымен қатар сайлауда жеңіске жетуге тілектестіктерін де жеткізді.

"Nur Otan"партиясы төрағасының бірінші орынбасары Шынаргүл Жанайқызы Темірбаеваның тікелей эфирі
"Nur Otan"партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шынаргүл Жанайқызы Темірбаева аудандық партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларында санитардық талаптарға сай ұйымдастырылған тікелей эфирге арқылы , аудан тұрғындарымен байланысты. Тікелей эфир барысында денсаулық,білім, әлеуметтік осал топ, көпбалалы аналар, жастар,кәсіпкер,әлеуметтік желі қолданушылары қамтылды.
Ақтау қалалық жастар ұйымы ғимаратында кездесу
Кеше Ақтау қалалық жастар ұйымы ғимаратында Ақтау қаласының жастарымен облыстық маслихатқа Nur Otan партиясы атынан кандидат ретінде кездесу өткіздім. Кездесуде жастармен партиясының сайлауалды бағдарламасын әңгімеледік. Жастар да өз кезегінде ойларымен бөлісіп, кандитадқа сауалдар қойды. 10-шы қаңтардағы сайлауда белсенділік танытатындарын жеткізді.
Марат Себасов

"Nur Otan"партиясы Атырау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттың онлайн жүздесуі
"Nur Otan"партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Атырау облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жәнібек Нұрсұлтанұлы Бертлеуов және Гүлсім Жақайқызы Хамитова мен "Жылыоймұнайгаз"МГӨБ-да санитарлық талапты сақтай отырып,қашықтықтан жиын өткізілді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға бағытталған Атырау облысының Сайлауды бағдарламасы насихатталды.
"NurOtan"партиясы Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлердің Zoom платформасында кездесу
"Nur Otan"партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сисенов Айтпай Фандыбайұлы, Бертлеуов Жәнібек Нұрсұлтанұлы санитарлық талапты сақтай отырып Жылыой ауданының зейнеткерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында, қашықтықтан онлай жиын өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға бағытталған Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, аудан тұрғындарының ұсыныс пікірлері талқыланды.
Бұхаров Мұхамбетпен кездесу
Мұнайлы ауданы Батыр ауылының қадірменді тұрғыны Бұхаров Мұхамбетпен кездестім. Еңбек ардагерінің отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарын атап өттім. Ардагердің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Алда келе жатқан 10 қаңтардағы сайлауға отбасымен түгел қатысып, «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырдым.
Ахмет Салманов
