Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Республикалық сайлауалды штабының Жылыой ауданына сапары

Республикалық сайлауалды штабының Жылыой ауданына келген сапарын "NurOtan" партиясының ардагері Ізбасов Мақсым Шафихұлы бастап келген болатын. Бұл құрамда Қуанышов Сайын Сәлімгерейұлы "ISKER консорциумы" ЖШС мемлекеттік байланыс жөніндегі директоры, "Атамекен" ҰҚП-ның мұнай газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Джакиев Асылбек Мұхитұлы, "Ембімұнайгаз" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы болатын. Үшінші кезекте

Жастар үйі ғимаратында ауыл ақсақалдарымен жүздесті. Жүздесуде Мақсым Шафихұлының Жылыой ауданына сіңірген еңбегін айта келе бірнеше мәселелердің басын шалып, жұмыссыздық мәселесі, микрокредит жөніндегі әділетсіздіктер туралы, қазақ тілінің мәртебесі туралы, "Атырау-Алматы" теміржолы, "Бейнеу-Базой" бекеттеріне тек 2 вагон бар екені айтылып, қосымша құрам (состав) қосу мәселесі ұсынылды. Сонымен қатар ауған соғысының ардагері Қонаров Сисен Атыраубайұлы Ардагер + дисконт картаны қайта заңдылығын қарап, әлі күнге дейін баспанасыз жүргендігі туралы назын білдірді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 5.8 АЕК сәйкес 17196 тг қарастырылғанын қазіргі таңда мұнай бағасының төмен түсуімен, сәйкесінше азық-түліктің және дәрі-дәрмектің бағаларының тұрақсыздығы әбден титығына жеткенін айтып осы мәселе негізінде жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуды ұсынған болатын.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Республикалық сайлауалды штабының Жылыой ауданына сапары - Yvision.kz