Республикалық Сайлауалды штаб өкілдері Жылыой ауданына ат басын тіреді
Республикалаық сайлауалды штабының Жылыой ауданына келген сапарын "Nur Otan" партиясының ардагері Ізбасов Мақсым Шафихұлы бастап келген болатын. Бұл құрамда Қуанышов Сайын Сәлімгерейұлы "ISKER консорциумы" ЖШС мемлекеттік байланыс жөніндегі директоры, "Атамекен" ҰҚП-ның мұнай газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Джакиев Асылбек Мұхитұлы, "Ембімұнайгаз" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы болатын. Бірінші кезекте кездесуді Жылыоймұнайгаз МГӨБ - ның еңбек ұжымымен кездесті. Штаб төрағасы Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлы таныстырып, ашып жүргізді. Кездесу барысында Жылыоймұнайгаз еңбек ұжымы өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, ұсыныс-тілектерін айтты.
