Республикалық сайлауалды штабының Жылыой ауданына келген сапарының жалғасы
Республикалаық сайлауалды штабының Жылыой ауданына келген сапарын "NurOtan" партиясының ардагері Ізбасов Мақсым Шафихұлы бастап келген болатын. Бұл құрамда Қуанышов Сайын Сәлімгерейұлы "ISKER консорциумы" ЖШС мемлекеттік байланыс жөніндегі директоры, "Атамекен" ҰҚП-ның мұнай газ операторларымен өзара іс-қимыл және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Джакиев Асылбек Мұхитұлы, "Ембімұнайгаз" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы болатын. Екінші кезекте кездесуді Жылыой аудандық "NurOtan" партиясының филиалында Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында бірнеше мәселелер көтеріліп, "Астрахань-Ақтөбе" тас жолы, экология бағытындағы бағдарламаларға ұсыныс, туризмді дамыту нышанына орай Бекет атаның туған жері "Ақмешіт", "Алтын адам", "Құлшан ата" барлығы бір нысанда, 47 млн теңге қарастырылған осы орайда 31 км жол салуды ұсыныс етті. Жем өзенінің арнасын кеңейту, су қоймасын салуға ұсыныстар берілді. Ол үшінде Бақашы мен Қарағайға тоқ тартып, шлюз орнатып, жердің географиялық релифін қарап, техникалық-экономикалық негіздеме жасалынса деген ұсыныстар берілді.
