«Зиялы қауым өкілдерімен» жобасы
Сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінде «Nur Otan» партиясынан облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Анар Шамшадинова екеуміз «Зиялы қауым өкілдерімен» жобасымен бірқатар кездесулерге қатыстық. Бізге батасын беріп, ақ жол тілегендердің бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Сағын Қырымқұлов болды.Ақтау қаласының, Қарақия, Түпқараған аудандарының және Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Сағын Ерқасұлы саналы ғұмырын туған жерін көркейтуге сарп етіп, сан жылдар мұнай саласында еңбек еткен, бірқатар жылдар "Nur Otan” партиясының және саяси бюро мүшесі болған. 1967-1973 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Қарақия мұнай, газ барлау экспедициясында коллектор…