Ардагерлеріміздің ақ батасы қабыл болсын! Жыл жақсылығымен келсін!
https://www.facebook.com/100033906962380/videos/434277207712508/
https://www.facebook.com/100033906962380/videos/434277207712508/
Сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінде «Nur Otan» партиясынан облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Анар Шамшадинова екеуміз «Зиялы қауым өкілдерімен» жобасымен бірқатар кездесулерге қатыстық. Бізге батасын беріп, ақ жол тілегендердің бірі - Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Сағын Қырымқұлов болды.Ақтау қаласының, Қарақия, Түпқараған аудандарының және Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Сағын Ерқасұлы саналы ғұмырын туған жерін көркейтуге сарп етіп, сан жылдар мұнай саласында еңбек еткен, бірқатар жылдар "Nur Otan” партиясының және саяси бюро мүшесі болған. 1967-1973 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің Қарақия мұнай, газ барлау экспедициясында коллектор…
Әрбір тұрғынға "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, өтініш-тілектерін тыңдады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан тұрғындар партияны қолдап, дауыс беретіндерін айтты.
"Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!
Мұнайлы ауданы Батыр ауылының қадірменді тұрғыны Бұхаров Мұхамбетпен кездестім. Еңбек ардагерінің отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі басымдықтарын атап өттім. Ардагердің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Алда келе жатқан 10 қаңтардағы сайлауға отбасымен түгел қатысып, «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырдым.
Ахмет Салманов
Кеше Ақтау қалалық жастар ұйымы ғимаратында Ақтау қаласының жастарымен облыстық маслихатқа Nur Otan партиясы атынан кандидат ретінде кездесу өткіздім. Кездесуде жастармен партиясының сайлауалды бағдарламасын әңгімеледік. Жастар да өз кезегінде ойларымен бөлісіп, кандитадқа сауалдар қойды. 10-шы қаңтардағы сайлауда белсенділік танытатындарын жеткізді.
Марат Себасов
«Nur Otan» партиясының мақсаты – жолдардың, қоғамдық көліктің сапасын жақсарту, әуе және темір жол жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасау.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жоспары бойынша алдағы 5 жылда мынадай істер қолға алынады.
2023 жылы Ташкент-Алматы бағытында көлікті өткізу қабілеттілігін арттыру үшін Қонаев даңғылының жалғасы салынады.
2023-2024 жылдары қаланың транзиттік айналма жолдарын толығымен шеңберлеу үшін А-2 айналма жолының құрылысы аяқталады.
2020 жылы қоғамдық көлік саласында автобустар толығымен жаңартылып, 590 жаңа автобус алынады.
Тұрғындар партияның алдағы бес жылға бекітілген жоспарымен толық танысқаннан кейін, Nur Otan- ның сайлауалды бағдарламасына көңілдері толып, партияны қолдайтынын айтты.
Nur Otan - нақты істер партиясы!
30-шы желтоқсан күні сағ 14:00-де сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында КАНДИДАТҚА СҰРАҚ ҚОЙ тақырыбында тікелей эфир өткіздім. Тікелей эфирге бірнеше адам қосылып, ой-пікірлерін, сауалдарын қойды. Сонымен қатар сайлауда жеңіске жетуге тілектестіктерін де жеткізді.
Ақтау қаласының тұрғындарын аралап, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттадым. Сонымен қатар 10-шы қаңтар күні болатын сайлауда партияға дауыс беруге шақырдым.
Марат Себасов
ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарының жоспарына сай Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы «Botaqan» балабақшасына барып, тәрбиешілер ұжымымен кездесті. Олардың хал-жағдайын сұрап, жұмыстарының қалай жүріп жатқанын білдім. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның негізгі басқа партиялардан ерекшеліктері туралы түсініктеме берді. Ұжым мүшелерінің қойған сауалдарына жауап беріп, пікір алмастық. Тәрбиешілер партия бағдарламасын қолдайтынын білдірді.
"ЖАСТАР ОТАНҒА" - ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК Әрбір мемлекетте дамудың негізгі қозғаушы күші - жастар . Жас буын - ел тірегі, біздің болашағымыз. Елдегі оң өзгерістер қарқынын күшейту және оны әлемнің бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына қосуда ең басты рөлді солар алады. 2000 жылы 4 қаңтарда «Отан» партиясының Саяси кеңесі Бюросы отырысында партияның жастар қанатын құру туралы қаулы қабылдаған еді. Содан бері 20 жыл ішінде «Jas Otan» ЖҚ еліміздің жастар саясатының іргетасына, жастар бастамаларының ұйытқысына айналып, мыңдаған жас, өршіл азаматтардың басын қосып, дамуға жетелеп келеді. Елбасының 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасымен, жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін 2025 жылға дейін жалғасатын «Жастар – Отанға!»…