Айдос Арсламов пен Бағдат Бейсенқызы Шолақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Желтоқсанның 21 күні "Nur Otan" партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айдос Арсламов пен Бағдат Бейсенқызы Шолақай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде күрмеуі шешілмеген біраз түйткілді мәселелер сөз болып, талқыға салды. Ауылдық округтегі шешімін таппаған проблемалық мәселелерді үміткерлер түртіп алып, қолдан келгенше жұмыс жүргізетіндіктерін айтты.
