Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дарубаева Айгуль мен Құдайбергенов Қуаныш Пенжім ауылдық округінің жөнінде кездесу өткізді.

Бүгін Панфилов аудандық "Nur Otan" партия филиалының штаб жетекшісі, партиялық бақылау комиссия төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қанат Нұркешұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дарубаева Айгуль мен Құдайбергенов Қуаныш Пенжім ауылдық округінің тұрғындарымен проблемалық мәселелер жөнінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдағы жарық мәселесі, білім беру және жаңадан салынған денсаулық сақтау нысаны туралы да әңгіме қозғалды. Осы мәсалелерге қатысты шешімі табылмаған мәселелер партия назарында болатындығын айтып өтті.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Нұркешұлы: "Ауыл - қазақтың негізгі күретамыры. Ұлт руханиятының ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас қоры да ауылда сақталып келеді",-деп ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Ал мәслихат депутаттығына үміткер А.Дарубаева мен Қ.Құдайбергенов партия бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Дарубаева Айгуль мен Құдайбергенов Қуаныш Пенжім ауылдық округінің жөнінде кездесу өткізді. - Yvision.kz