Айдос Абсаламов пен Бағдат Бейсенқызы Шолақайлық шаруалармен кездесіп қайтты.
Партия үміткерлері күнделікті тынымсыз еңбектерін жалғастырып келеді. Бұған дәлел партия бағдарламасымен аудан жұртшылығының басым көпшілігі танысқандығы.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айдос Абсаламов пен Бағдат Бейсенқызы Шолақайлық шаруалармен кездесіп қайтты. Үміткерлер "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен толық таныстырғаннан кейін, шаруалар жан-жақты талдап, таңдау жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.
