Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидат қонақта

Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг.«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сундетова Сабира "Аталар" хор ұжымының жетекшісі Құсайын Қайырлы Мұқасұлымен кездесу өткізді.Үміткер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айт…

0
0
202

Ризван Сакиова Талды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.

Жоспарлар жүйелі түрде іске асып келеді. Бұл туралы штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ризван Сакиова Талды ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде атап өтті.

Келелі кездесу барысында тұрғындар әртүрлі әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Сондай-ақ сенім білдіріп, қолдау көрсететіндіктерін алға тартты.

0
0
277

М.Тажмағамбетова"Универсал"бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесуі

Еліміздегі маңызды саяси науқаға санаулы күндер қалды. Осыған орай бүгін Мәжіліс Депутаттығына үміткер М.Тажмағамбетова "Универсал" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

"Skype" желісі арқылы өткен онлайн жүздесуде сайлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, талқыға салынды. Қатысушылар қоғамдық өмірдің белсенді қатынасушысы ретінде өңірде орын алып жатқан әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тілге тиек етті.

Партия кандидаты М.Тажмағамбетова Панфилов ауданы ең ірі, әрі көпсалалы аудандардың бірі және тарихи мұрағаттар мен жаңашыл идеяларға да бай жер екендігін атап өтіп, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

0
0
196

Панфилов аудандық "Nur Otan"партия филиалында аудандық мүгедектер қоғамдарымен онлайн жүздесуі өтті

Бүгін Панфилов аудандық "Nur Otan" партия филиалында аудандық мүгедектер қоғамының орынбасары Жамауова Алтын штаб мүшелерімен онлайн форматта жүздесу өткізді.

Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, өзекті мәселелер ортаға салынды.

А.Жамауова "Nur Otan" партиясы халықтың жайлы өмір сүруі үшін мол мүмкіндіктер жасап жатқандығын атап өтіп, партияның " ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құрамыз",-деген бастамасын қолдайтындығын айтып өтті. Ел басына қиын кезең орын алған кезде бірлігімізді бекемдеп, мықты болуға шақырды

0
0
162

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Турған Заитов партия бағдарламасын насихаттады

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Турған Заитов партия бағдарламасын насихаттады. "Nur Otan" партиясы елдің жетекші саяси партиясы ретінде халқымыздың бірлігін сақтай отырып, еліміздің гүлденуіне, әр Қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға, барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға, ашық және есеп беретін жергілікті органдарды құруға бағытталған бағдарламасын жоғарғы деңгейде іске асыруға барлық әлеуетін салатындығын жеткізді.

0
0
215

Иманбеков Әділетхан ауыл тұрғындарына партия бағдарламасын насихаттады.

Желтоқсанның 28 күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Иманбеков Әділетхан "Nur Otan" партиясының еріктілерімен бірге ауыл тұрғындарына партия бағдарламасын насихаттады.

0
0
213

Тулақбаев Руслан Басқұншы ауылдық округі жеке шаруа қожалықтарымен жүздесуі

Желтоқсанның 25 күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тулақбаев Руслан Басқұншы ауылдық округі жеке шаруа қожалық басшыларымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүздесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
234

Менің туым менің мақтанышым

Көк туым, көгімдегі көк байрағым!Егемендігіміздің бейнесі көк туымыздың көкте желбіреп тұрғанын көрсем қашанда мақтанышпен ерекше сезімде боламын. Бейбіт заманда мемлекеттік жиындарда, адамдардың ерлігін марапаттайтын іс-шараларда не болмаса еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерді бағалағанда мемлекттік рәмізіміз әнұранмен қоса көтерілетін әр сәт әр қазақстандық үшін өте құнды деп білемін.Тарих беттерін саралай келе осындай әсерлі сәттің мақтанышын сезіну үшін қаншама ата - бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы болғанын да білеміз. Арманның орындалғаны сол тәуелсіздік туының биікке орныққаны, егемендік тұғырының нығайғанымен қоса келді. Туымызды әспеттеп өскен елдің ұрпағы болу -мен үшін үлкен бақыт.Ел қорғаған, жер қорғаған, тіл қорғаған көк байрағым елімнің ертеңінін жарқын…

0
0
2643