Мазмұнға өту

Жаңа

Атамекен ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер С.Аманбаев, Ж.Бисенгалиева, Г.Бирниязова Атамекен ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарын сайлауға белсене қатысуға шақырды.

#NurOtan📷 #JasOtan📷 #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
138

"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы жалғасуда

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанболат Саймағамбетов, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және Е.Өтеевтың сенімді өкілімен бірлесе Рахат ауылының Жұлдыз ш/а "Есіктен-есікке" акциясы аясында үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түрғындармен байланыс кезінде қоғамдық көліктердің сапалы қызмет көрсетілмейтіндігі және ауылда азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың жанында болмауына байланысты мәселелер көтерілген.

“Nur Otan” партиясының 5 жылдық бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқытын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталғаны түсіндірілді. Кандидаттар тұрғындарды алдағы өтетін сайлауға қатысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan

0
0
159

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті басымдығы жайында

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Вера Гейнц тікелей эфирде "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті басымдығы бойынша түсіндірме берді.Вера Александровна Павлодар ауданының даму басымдықтарына толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, бұлар – экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік-бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениеттің дамуы, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аймақ.Первый заместитель председателя районного филиала партии "Nur Otan" в прямом эфире дала разъяснение по семи приоритетам предвыборной программы партии "Nur Otan" - экономически устойчивый район, комфортный район, социально-ориентированный район, район для молодежи, развитие истории и культуры, открытые и подотчетные местные орган…

0
0
135

Кезекті рейд жұмыстары өтті

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы партияның бақылау комиссиясы мүшелері шаhардағы екі мекенжайда болып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұл жолы комиссия мүшелері "Ақ отау-20" және "Чикаева-18* мекенжайларындағы көпқабатты үйлерді аралады. Бұл тұрғын үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген.

Тұрғындар балалар ойнайтын алаңқайлар қажеттігін, үйлердің кіреберісі жолға жақын орналасқанын, үйдің қасындағы жоғары вольтті желіден қауіп көп екенін жеткізді. Партия өкілдері олардың проблемалық мәселелерін жауапты мекемелерге жолдап, бірлесе шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

0
0
179

Жас жеңімпазмен кездесу

Бүгін, 2021 жылдың 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәлік Құлшар Облыстық оқушылар сарайындағы Данияр Елеусинов атындағы бокс спорт мектебінде биылғы Қазақстан Республикасының чемпионы(49 кг) Сабит Даниялмен ,оның бокстан тренері Саттар Сұлтанғалиевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткер жас спортшыға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
265

Үгіт-насихат кездесу

Бүгін, 2021 жылдың 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәлік Құлшар "Денсаулық" Волейбол клубының мүшелерімен үгіт-насихат кездесу өткізді. Үміткер іс-шараға қатысушыларды өзінің сайлауалды платформасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

0
0
195