М.Тажмағамбетова"Универсал"бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесуі
Еліміздегі маңызды саяси науқаға санаулы күндер қалды. Осыған орай бүгін Мәжіліс Депутаттығына үміткер М.Тажмағамбетова "Универсал" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
"Skype" желісі арқылы өткен онлайн жүздесуде сайлау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, талқыға салынды. Қатысушылар қоғамдық өмірдің белсенді қатынасушысы ретінде өңірде орын алып жатқан әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тілге тиек етті.
Партия кандидаты М.Тажмағамбетова Панфилов ауданы ең ірі, әрі көпсалалы аудандардың бірі және тарихи мұрағаттар мен жаңашыл идеяларға да бай жер екендігін атап өтіп, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
