Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Менің туым менің мақтанышым

Көк туым, көгімдегі көк байрағым!

Егемендігіміздің бейнесі көк туымыздың көкте желбіреп тұрғанын көрсем қашанда мақтанышпен ерекше сезімде боламын. Бейбіт заманда мемлекеттік жиындарда, адамдардың ерлігін марапаттайтын іс-шараларда не болмаса еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерді бағалағанда мемлекттік рәмізіміз әнұранмен қоса көтерілетін әр сәт әр қазақстандық үшін өте құнды деп білемін.

Тарих беттерін саралай келе осындай әсерлі сәттің мақтанышын сезіну үшін қаншама ата - бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы болғанын да білеміз. Арманның орындалғаны сол тәуелсіздік туының биікке орныққаны, егемендік тұғырының нығайғанымен қоса келді. Туымызды әспеттеп өскен елдің ұрпағы болу -мен үшін үлкен бақыт.

Ел қорғаған, жер қорғаған, тіл қорғаған көк байрағым елімнің ертеңінін жарқын бейнесі!

Қазақстанның дербес, егеменді ел екенін бейнелейтін рәмізіміз бейбіт күнде талай жетістіктерге жетелеуде. Рух беріп, күш беріп, демеу беретін байрағымызға әрқашан құрметпен қараймыз.

Тәуелсіз елдің тарихында ертедегі жаугершілік заман емес бейбіт заманда өір сүрген бүгінгі әр азамат ендігі жерде түрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіреуіне күш салу қажет!

Биікке өрлеген туымызды көтеріп жүрген жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патрио­тизм!

Осының барлығы Қазақстан қоғамының бейнесін біздің санамызда ғана емес, халықаралық аренада да мемлекетіміздің абыройын қалыптастырады.

Асқақтай бер, жарқырай бер көк туым!

Менің туым менің мақтанышым! Елімнің мақтанышы! Жерімнің мақтанышы!

Тәуелсіздігімнің мақтанышы!

#МенТуымдыМақтанЕтемін

0
0
2563

Осы тақырып бойынша

Менің туым менің мақтанышым - Yvision.kz