Мазмұнға өту

Жаңа

Кандидаттардың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.

Кандидаттардың сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.Бүгін Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұрат Бөрібаевтың сенімді өкілдері Нұрғали Есілбаев пен Айнұр Жүсіпова канвассинг-кездесуі аясында жезқазғандықтармен жүздесті."Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір" атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырған Нұрғали Есілбаев сайлаушыларды алдағы сайлауда "нұротандық" кандидаттарға дауыс беруге шақырды. Азаматтардың әл-ауқатын арттырып, ел экономикасын нығайтып, өңірдің тіршілігін жаңдандыратын партия жобаларынан хабардар болған тұрғындар жарқын болашақ үшін "Nur Otan" партиясын таңдайтындарын айтып, қолдау көрсетті.@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgem…

0
0
231

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды.

Кеше Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барды. Өңір басшысы Шетпе ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/103551?fbclid=IwAR2GgC5CfBU6sgLrYqngouv2jN5xFPLPE8YtYWZNmekTYoVJaUJKKZ-7dHw

0
0
116

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер

Қабылиса ауылдық округінің тұрғындарымен канвассинг-кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. "Кандидат қонақта" кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осыларды негізге ала отырып үміткер ауыл тұрғындарының шаңырағында болып партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар халықтың ұсыныстарын тыңдап, сауалдарына жүйелі түрде жауап берді.

0
0
293

Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдау

Бүгін Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдап, мәселелерін тыңдадым.Алдымен қабылдауға ІІ топ мүгедегі Мәденов Бауыржан есімді азамат келді. Мәселесі тұрғын-үй бойынша екендігін жеткізді. Алда бірлесе жұмыстануға келісіп, сайлау өткесін өзімнің хабарласатынымды айттым.Екінші тұрғын Балашев Н.А ішкі істер министрлігінің қабылдауына қалай жазылатындығын сұрап, көмек сұрап келді. Министрлерге жеке қабылдауға партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы, не болмаса ЭЦҚ арқылы өтініш қалдыруға болатынын жеткіздім.Кейінгі тұрғындар белсенді жастар болды. Жұмыссыздық, арнаулы оқу орны бойынша жатақханамен қамту бойынша өз өтініштерін айтып, көмек сұрады.Барлық мәселелер бір күнде шешімін таппайды, мемлекеттік органдар арқылы бірлесе жұмыс жасап мәселені…

0
0
184

Медицина саласын дамытуға қарастырылған қолдау шараларына кеңінен тоқталды

Халық мүддесін бәрінен жоғары қойған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен Жезқазған жоғары медициналық колледжінің ұжымы танысты. Білім ордасына үгіт-насихат жүргізу үшін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Светлана Жумкина мен Жанар Салықова арнайы барды.Жезқазған қаласын дамытудың негізгі 7 басымдығын таныстырған кандидаттар алдағы жылдары медицина саласын дамытуға қарастырылған қолдау шараларына кеңінен тоқталды. Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтар өкпені жасанды тыныстандыру аппаратымен, цифрлық рентгенмен, маммограф пен жедел жәрдем көліктерімен жабдықтау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, кадр тапшылығын жою мақсатында дәрігерлер шақырту, оларды баспанамен қамту мәселелері оң шешімін таппақ. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін "Nur Otan…

0
0
147