Медицина саласын дамытуға қарастырылған қолдау шараларына кеңінен тоқталды
Халық мүддесін бәрінен жоғары қойған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен Жезқазған жоғары медициналық колледжінің ұжымы танысты. Білім ордасына үгіт-насихат жүргізу үшін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Светлана Жумкина мен Жанар Салықова арнайы барды.
Жезқазған қаласын дамытудың негізгі 7 басымдығын таныстырған кандидаттар алдағы жылдары медицина саласын дамытуға қарастырылған қолдау шараларына кеңінен тоқталды. Медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықтар өкпені жасанды тыныстандыру аппаратымен, цифрлық рентгенмен, маммограф пен жедел жәрдем көліктерімен жабдықтау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, кадр тапшылығын жою мақсатында дәрігерлер шақырту, оларды баспанамен қамту мәселелері оң шешімін таппақ. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін "Nur Otan" партиясын сайлауда қолдауға шақырған кандидаттарға колледж ұжымы сәттілік тіледі.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
