Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдау
Бүгін Маңғыстау облыстық сайлауалды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарын қабылдап, мәселелерін тыңдадым.
Алдымен қабылдауға ІІ топ мүгедегі Мәденов Бауыржан есімді азамат келді. Мәселесі тұрғын-үй бойынша екендігін жеткізді. Алда бірлесе жұмыстануға келісіп, сайлау өткесін өзімнің хабарласатынымды айттым.
Екінші тұрғын Балашев Н.А ішкі істер министрлігінің қабылдауына қалай жазылатындығын сұрап, көмек сұрап келді. Министрлерге жеке қабылдауға партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы, не болмаса ЭЦҚ арқылы өтініш қалдыруға болатынын жеткіздім.
Кейінгі тұрғындар белсенді жастар болды. Жұмыссыздық, арнаулы оқу орны бойынша жатақханамен қамту бойынша өз өтініштерін айтып, көмек сұрады.
Барлық мәселелер бір күнде шешімін таппайды, мемлекеттік органдар арқылы бірлесе жұмыс жасап мәселенің шешілуіне ықпал ететін боламыз.
#NurOtan #Bizbirgemiz
Наурызбек Мағдатов

