Мазмұнға өту

Жаңа

Канвассинг іс-шарасы жалғасуда

“Nur Otan” партиясынан Кентау қалалық мәслихатына үміткер Қаблан Елеусізов Қарнақ елді мекеніндегі жасы 100-ге келген Якуда қарияның шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Канвассинг іс-шарасы аясында бағдарламадағы жеті бағыттты кең көлемді түсіндіріп өтті.

0
0
180

«Nur Otan» нақты істер партиясы!

Құрметті Кентау қаласының тұрғындары!«Nur Otan» партиясы Кентау тұрғындарының үмітін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін, халық пен билік арасындағы өзара байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.Бүгін біз өз сайлаушыларымыздан қолдау көрсетуді сұраймыз.Біз сіздерге дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.Біздің бағдарламамыз туған қаламызды дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Кентау қаласын ауылшаруашылық өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз.Біз қаланың дамуы және гүлденуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға, сондай-ақ ұзақ мерзімді ынтымақ…

0
0
156

Сіздерді христиандардың қасиетті күні – Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Міне, екі мың жыл бойы осы қасиетті Рождество мерекесі жер бетіндегі барлық халықты өзінің қуанышымен, бір-біріне деген ыстық сезімімен, қамқорлығымен қызыққа бөлеп, біріктіріп келеді және болашаққа сеніммен қарауға үйретіп келеді. Бұл – біздің көпұлтты мемлекетімізде тұратын барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы құрмет пен ізгіліктіктің мерекесі.Осы мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, аманшылық пен молшылық тілейміз! Әр отбасы тек қана бақыт пен береке-бірлікке бөленіп, әрбір бастаған істеріңіз табысқа жете берсін!#NurOtan-ғадауысбер!

0
0
169

Жанбай ауылының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Шара барысында сайлаушылармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-баспа материалдарын таратты. Сондай-ақ, сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
261

ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта кездесу өтті

«Nur Otan» партиясының Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Қыстаубаева Әсия Баянқызы, Семғалиев Әлібек Аманжанұлы, Амиргалиева Айгул Маулышарифовна Исатай ауданының тұрғындарымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

0
0
207

Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз

Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 33%-ға жеткізуді көздейді. Бұл үшін:- Бабайқорған және Ескі Иқан ауыл округтерінен 2 спорт кешенінің (мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы) құрылысын салуға;- 3 орталық көшелерде (Абай мен Қонаев даңғылы, Сейфуллин көшесі) Street workout (Уличный воркаут – көшедегі жаттығуы) және Streetball (Стритбол – көшедегі баскетбол) элементтерімен алаңдарды жабдықтауға;- қала ішінде балаларға арналған 60 аула алаңшасын салуға;- жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;- ұлттық спо…

0
0
171

Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырамыз

Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:- халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге;- демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай көмек т.б.) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;- көпбалалы аналардың (4 және одан көпбалалы отбасы) қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға;- ауылдық округтердегі елді…

0
0
150

Тең мүмкіндіктер құрамыз

Қала мен қалаға қарасты ауылдарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға баса көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары негізінде көпбалалы, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.Қала бойынша паспортталған барлық (100%) мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындардың ғимаратында пандус орнатылған.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:- Кентау қаласында 200 орынды ересек мүгедектерге арналған оңалту орталығын салуға;- мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;Нәтижесінде ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға кед…

0
0
129

Білім беру сапасын арттырамыз

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қала мен қалаға қарасты елді мекендерді дамуының маңызды шарты болып табылады.COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігер шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қалада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:- 12 нысанды (9 орта мектеп, 3 балабақша) күрделі жөндеуден өткізуге;- 15 мектепке дейінгі жеке балабақша (…

0
0
149