Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» нақты істер партиясы!

Құрметті Кентау қаласының тұрғындары!

«Nur Otan» партиясы Кентау тұрғындарының үмітін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін, халық пен билік арасындағы өзара байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Бүгін біз өз сайлаушыларымыздан қолдау көрсетуді сұраймыз.

Біз сіздерге дұрыс таңдау жасап, мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз.

Біздің бағдарламамыз туған қаламызды дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Кентау қаласын ауылшаруашылық өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз.

Біз қаланың дамуы және гүлденуі үшін барлық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасып, қызмет атқаруға, сондай-ақ ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын және ашық екенімізді мәлімдейміз.

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттерді бірге жеңіп шығатынымызға сенімдіміз.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халықтың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.

Біздің алға қойған міндетіміз – Кентау қаласының әрбір тұрғынының сенімін ақтау.

Біз қаламыздың әрбір тұрғыны қолайлы өмір сүруі, дамуы мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құрамыз.

0
0
128

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» нақты істер партиясы! - Yvision.kz