Білім беру сапасын арттырамыз
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – қала мен қалаға қарасты елді мекендерді дамуының маңызды шарты болып табылады.
COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігер шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті. Қалада үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- 12 нысанды (9 орта мектеп, 3 балабақша) күрделі жөндеуден өткізуге;
- 15 мектепке дейінгі жеке балабақша (2400 орындық) ашуға;
- қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 21 055 дана, яғни 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге;
- білім саласы бойынша ауылдық жерлерде халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салуға;
- білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын (1 компьютерге 12 оқушыдан 9 оқушыға төмендетуге, оқушы жиһазы, жаңа модификациялы кабинеттер, көркем және оқу-танымдық әдебиет) нығайтуға;
- 2025 жылға дейін барлық кәсіптік оқыту мекемелерін (6 колледж) дуалды оқытумен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Нәтижесінде білім беруде білім сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.
