Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасаймыз
Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 33%-ға жеткізуді көздейді. Бұл үшін:
- Бабайқорған және Ескі Иқан ауыл округтерінен 2 спорт кешенінің (мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы) құрылысын салуға;
- 3 орталық көшелерде (Абай мен Қонаев даңғылы, Сейфуллин көшесі) Street workout (Уличный воркаут – көшедегі жаттығуы) және Streetball (Стритбол – көшедегі баскетбол) элементтерімен алаңдарды жабдықтауға;
- қала ішінде балаларға арналған 60 аула алаңшасын салуға;
- жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
- ұлттық спортты дамытуға (тұрақты түрде қалалық, облыстық, республикалық әр түрлі іс-шаралар өткізу: ұлттық спорт түрлері қазақша күрес пен тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, бокс, фудбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 33%-ға дейін ұлғаяды.
