Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырамыз
Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге;
- демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай көмек т.б.) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
- көпбалалы аналардың (4 және одан көпбалалы отбасы) қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға;
- ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын күнкөрісі төмен халықтың үлесі 28,2%-ға дейін төмендейді.
