Мазмұнға өту

Жаңа

Мақат ауданының Құрметті азаматы Алтаева Дәмен Биханқызымен кездестік.

Бүгін қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер И.Жанұзақов,Б.Шеркешбаева, А.Нұрланұлы, М.Еркінова желілік кестеге сәйкес Ардагер мұғалім,Халыққа білім беру ісінің үздігі,"Елсана" рухани-патриоттық қауымдастығының аналар алқасы тете төрайымы, Мақат ауданының Құрметті азаматы Алтаева Дәмен Биханқызымен кездестік.

0
0
159

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 30 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Үржар ауылдық округіндегі аудандық "Ком.шаруашылық" мемлекеттік мекемесінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

17
0
199

Оңғарсынов Қадим Ағайсынұлымен кездесіп, сұхбаттастық.

Бүгін әріптесім Әміржан Нұрланұлымен бірге Еңбек ардагері, Құрмет орденінің, Алтынсарин медалінің иегері, Атырау қаласының құрметті азаматы, Халық ағарту ісінің үздігі Оңғарсынов Қадим Ағайсынұлымен кездесіп, сұхбаттастық. Ардагерге "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасын және басым бағыттарын таныстырдық. Ардагер талай жыл білім беру саласындағы қызметін, еңбектегі сындарлы сәттерін еске алып, қазіргі жастарға қызыға қарайтынын жеткізді. Заманның түзу уақытында білім алып, ізденіп, тәжірибе жинақтап қалыңдар, еңбек етуге ешуақытта аянбаңдар деп ақыл-кеңесімен бөлісті. Білім беру саласына байланысты мақсаттарды атағанымызда , қуанышын жасырмады. Аталмыш мақсаттардың орындалып, жүзеге асуына тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді.

0
0
341

«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда

«Nur Otan» партиясының атынан Аягөз аудандық мәслихатына үміткер Е.Дайырбаев бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында қаланың тұрғындармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

42
0
255

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабы

Nur Otan партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы 2020 жылдың 11 – желтоқсаны күні құрылды. Штаб ашылғаннан бері штаб мүшелері, партия ардагерлері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері, белсенді жастар Үржар ауданының 27 – ауылдық округтерінің тұрғындарымен, білім, денсаулық, мәдениет саласының қызметкерлерімен, жас кәсіпкерлермен, аудандағы әр – түрлі мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған маңызды сұрақтарға жауап берілді. Облыс мәслихаттығына үміткер М.Қарашев жас кәсіпкерлермен кездесу барысында « Замануи Қазақстанды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту жастардың қолында. Ол үшін аянбай еңбек ету керек», - деді. Партия ардагері Р.Джанкушукова « 1999 – жылы құрылған біздің партия еліміздегі келелі, тү…

17
0
264

Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Алмас Ахатов тікелей эфирге шықты.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде "Nur Otan" партиясы атынан Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Алмас Ахатов тікелей эфирге шықты.

Партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, Жезқазған қаласын дамытудың жоспарларын таныстырды. Сайлауда жеңімпаз атанған жағдайда "нұротандық" депутаттар мысты өлкені 7 бағыт бойынша өркендетуді көздеп отыр. Жезқаланы жайлы да жасыл, экономикасы дамыған, қауіпсіз де жастардың қаласына айналдыру міндетін өзіне жүктеген "Nur Otan"-ды қолдауға шақырған кандидат ел болашағы жолында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
194

Аягөз аудандық маслихатына партиялық тізіміне үміткер М.Кузетаев аудан тұрғындарын қабылдады

2021 жылдың 8 қаңтар күні сағат 10:00-12.00 аралығында "Nur Otan" партиясы Аягөз аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдауында "Nur Otan" партиясының Аягөз аудандық маслихатына партиялық тізіміне үміткер Кузетаев Мухитбек Мухаметжанович аудан тұрғындарын қабылдады.

42
0
382

Ел болашағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға тікелей байланысты..

Ел болашағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға тікелей байланысты. Саяси додаға қатысқан партиялардың ішінен лайықтысын таңдау зор жауапкершілік екенін ұғынған сайлаушылар бүгінде дауыс беру ісіне мұқияттылықпен келеді. Сондықтан, үгіт-науқаны кезінде азаматтардың барлығын қамтып, оларға сайлауалды бағдарламаны жеткізу маңызды. "Nur Otan" партиясының тізімі бойынша Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына түсіп жатқан кандидаттар Ізтөлеу Түсіпов пен Раушан Қапарова жеке кәсіпкер Сәкен Төлеуовпен кездесті.2021-2025 жылдар аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін партияның бастамасымен елде, оның ішінде Жезқазған қаласында атқарылар игі істерден хабардар болған кәсіпкер шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасап, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуды да назардан тыс қалдырмай…

0
0
168

Өз таңдауымызды жасайық.

Қадірлі Достар! Болашағымыздың кепілі ретінде, қоғамның өзекті мәселелерінің нақты шешімдерінің табылуына үлес қосу мақсатында баршаңызды 10-шы қаңтар күні сайлауға қатысуға шақырамын. Өз таңдауымызды жасайық. #nurotan #jenimpazbol

0
0
113