Оңғарсынов Қадим Ағайсынұлымен кездесіп, сұхбаттастық.
Бүгін әріптесім Әміржан Нұрланұлымен бірге Еңбек ардагері, Құрмет орденінің, Алтынсарин медалінің иегері, Атырау қаласының құрметті азаматы, Халық ағарту ісінің үздігі Оңғарсынов Қадим Ағайсынұлымен кездесіп, сұхбаттастық. Ардагерге "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасын және басым бағыттарын таныстырдық. Ардагер талай жыл білім беру саласындағы қызметін, еңбектегі сындарлы сәттерін еске алып, қазіргі жастарға қызыға қарайтынын жеткізді. Заманның түзу уақытында білім алып, ізденіп, тәжірибе жинақтап қалыңдар, еңбек етуге ешуақытта аянбаңдар деп ақыл-кеңесімен бөлісті. Білім беру саласына байланысты мақсаттарды атағанымызда , қуанышын жасырмады. Аталмыш мақсаттардың орындалып, жүзеге асуына тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді.

