Ел болашағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға тікелей байланысты..
Ел болашағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға тікелей байланысты. Саяси додаға қатысқан партиялардың ішінен лайықтысын таңдау зор жауапкершілік екенін ұғынған сайлаушылар бүгінде дауыс беру ісіне мұқияттылықпен келеді. Сондықтан, үгіт-науқаны кезінде азаматтардың барлығын қамтып, оларға сайлауалды бағдарламаны жеткізу маңызды. "Nur Otan" партиясының тізімі бойынша Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына түсіп жатқан кандидаттар Ізтөлеу Түсіпов пен Раушан Қапарова жеке кәсіпкер Сәкен Төлеуовпен кездесті.
2021-2025 жылдар аралығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін партияның бастамасымен елде, оның ішінде Жезқазған қаласында атқарылар игі істерден хабардар болған кәсіпкер шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасап, халықтың әл-ауқатын жоғарылатуды да назардан тыс қалдырмайтын "Nur Otan"партиясын таңдайтынын ашық айтып, кандидаттарға сәттілік тіледі.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
