"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабы
Nur Otan партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы 2020 жылдың 11 – желтоқсаны күні құрылды. Штаб ашылғаннан бері штаб мүшелері, партия ардагерлері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері, белсенді жастар Үржар ауданының 27 – ауылдық округтерінің тұрғындарымен, білім, денсаулық, мәдениет саласының қызметкерлерімен, жас кәсіпкерлермен, аудандағы әр – түрлі мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған маңызды сұрақтарға жауап берілді. Облыс мәслихаттығына үміткер М.Қарашев жас кәсіпкерлермен кездесу барысында « Замануи Қазақстанды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту жастардың қолында. Ол үшін аянбай еңбек ету керек», - деді. Партия ардагері Р.Джанкушукова « 1999 – жылы құрылған біздің партия еліміздегі келелі, түйіткілді мәселелерді шешіп, еліміздің серпіліспен дамуына үлкен еңбек етті. Оның барлығы сіз бен біздің жемісті еңбегіміз» - деді. Ағымдағы жылы өтетін еліміздегі үлкен саяси науқанда жастардың да үлесі зор. «Есіктен есікке» акциясы аясында партиямыздың белсенді жастары аудан тұрғындарына үгіт – насихат және сайлауға шақыру жадынамаларын таратты. Әр түрлі бейнематериалдар түсіріліп, үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді. Құрметті жерлестер, Сіздерді 2021 жылдың 10 – қаңтары күні сайлауға бір кісідей қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
