Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Алмас Ахатов тікелей эфирге шықты.
Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күнінде "Nur Otan" партиясы атынан Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Алмас Ахатов тікелей эфирге шықты.
Партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, Жезқазған қаласын дамытудың жоспарларын таныстырды. Сайлауда жеңімпаз атанған жағдайда "нұротандық" депутаттар мысты өлкені 7 бағыт бойынша өркендетуді көздеп отыр. Жезқаланы жайлы да жасыл, экономикасы дамыған, қауіпсіз де жастардың қаласына айналдыру міндетін өзіне жүктеген "Nur Otan"-ды қолдауға шақырған кандидат ел болашағы жолында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
