Мазмұнға өту

Жаңа

Қамысты ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен және ауылдың көп балалы аналарымен кездесу өткізді.

Аудандық мәслихат депутаты Салтанат Кенжалиева Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттары сайлауының қорытындыларын қолдау бойынша Қамысты ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен және ауылдың көп балалы аналарымен кездесу өткізді.Кездесуде Салтанат Кенжалиева қазақстандықтар жоғары белсенділік танытып, сайлауға қатысу арқылы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асырғандығын, «Nur Otan» партиясы қазақстандықтардың жоғары қолдауына ие болғандығын мәлімдеп, мұндай қолдау көрсеткен барша ауылдастарына алғысын білдірді. Өз сөзінде Салтанат Кенжалиева ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясына көрсеткен сенімі мен қолдауы барлық партия мүшелеріне, әсіресе орталық және жергілікті өкілді органдарға сайланған депутаттарға зор жауапкершілік жүктейтіндігін және де өз тарап…

0
0
160

Ы. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білімінің негізін қалады.

Биыл қазақтың педагог-ағартушысы, жазушысы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, қазақ оқулықтарының авторы: "Қазақ хрестоматиясы" (1879; 2-басылым., 1906) және "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастапқы нұсқаулығы" (1879), әңгімелер мен әңгімелердің, сондай-ақ Л. Н.Толстой, А. Крылов аудармаларының авторы Ыбырай Алтынсаринге 180 жыл толады. Қазақ мәтіндерін жазу үшін орыс графикасы негізінде әліпби нұсқаларын жасады.Ы. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білімінің негізін қалады. Төрт екі сыныптық Орталық орыс-қазақ училищелерін, бір қолөнер училищесін, Қазақстандағы алғашқы әйелдер училищесін, бес болыстық мектепті, орыс кенттерінің балаларына арналған екі училищені ашты. Сондай-ақ Троицк қаласында мұғалім мектеп, сәл кейінірек ол Орынбор қаласына ауыстырылды.

0
0
507

Жарықтандыру мақсатында 57 прожектор орнатылды

Бүгінгі есептік кездесуді аудан әкімі Азамат Сафималиев Күйгенкөл ауылынан бастады. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешов қатысты. Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі Әлия Оспанова бір жыл бойына атқарған жұмыстар хақында баяндады. 2020 жылы Күйгенкөл ауылдық округінде көшелерді жарықтандыру мақсатында 57 прожектор орнатылып, ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауылдың үш тұрғыны «Бастау Бизнес» курстарын оқып, 8 млн. теңге көлемінде несие алып, ірі қара мен қой малын сатып алып кәсіптерін ашты.Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы Азамат Сафималиұлы аудан бойынша атқарылған жұмыстарды айтып, биылғы жылдың жоспарларын атап өтті. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар, я…

0
0
139

Мал азығын дайындау 100 пайызға орындалды

Есептік кездесу Қамысты ауылында жалғасын тапты. Оған аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық электр торабы мен жер қатынастар бөлімдерінің басшылары Мейіржан Хаби мен Нұрболат Әбдірешов қатысты.Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов бір жылда атқарған жұмыстары туралы баян етті. Мәселен, былтыр мал азығын дайындау жүз пайызға орындалып, 8870 тонна ірі сабақты мал азығы жиналды. Сондай-ақ былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара 300 басқа көбейді. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы ауыл жұртшылығына атқарылған және атқарылатын жұмыстар хақында кеңінен түсінік берді.Жарыссөзге жазылған ауыл тұрғыны Бисен Қалжықов биылғы жылдан үлкен үміт күтеді. Шешілмеген мәселелер шешімін тауып,…

0
0
218

55 млн. теңге көлемінде субсидия төленді

Бүгін Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов және аудан әкімі Азамат Сафималиев өткен жылғы атқарған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді. Оған аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық электр торабы мен жер қатынастар бөлімдерінің басшылары Мейіржан Хаби мен Нұрболат Әбдірешов қатысты. Кездесуге жиналған жұртшылық ауыл әкімінің баяндамасын тыңдады. Оның айтуынша,2020 жылы 23 шаруа қожалыққа 55 млн. 570 мың теңге көлемінде субсидия төленді. Сонымен қатар, 3 кәсіпкер өз кәсібін дамыту үшін 10 млн. теңгені 6 пайыздық мөлшермен несие алды. Сондай-ақ ауылдың көшелеріне қосымша 10 дана күн қуаты арқылы жұмыс жасайтын жарық шам орнатылды. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі жыл ішінде…

0
0
165

Партия ардагері Н. Хабибуллина көпбалалы отбасылармен кездесті.

22 қаңтар күні аудандық филиалдың мәжіліс залында сайлау қорытындысы бойынша партия ардагері Н. Хабибуллина көпбалалы отбасылармен кездесті.

Кездесуде 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы талқыланды және де көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қолдау, оларға жасалып жатқан қамқорлық жайы туралы мәселелер айтылды. Кездесуде көпбалалы аналар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауаптар алды.

0
0
143

«Батыс» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті

«Батыс» бастауыш партия ұйымында Жәнібек аудандық мәслихат депутаты Избасова Саиданың қатысуымен 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді. Шарада сөз сөйлегендер сайлаудың тиісті деңгейде ұйымдастырылғандығын, сайлау қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткізілгендігін атап өтіп, бұл сайлауда жергілікті тұрғындардың жоғары белсенділіп танытып, тұрғындардың басым бөлігі өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына бергендігін айрықша көрсетті.

0
0
137

«Менің алғашқы сайлауым!»

«Менің алғашқы сайлауым!»

Осындай ұранмен өтіп жатқан жастар арасындағы акция мазмұндылығымен ерекшеленді. Өйткені, өмірлерінде алғаш рет сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидаттарға дауыс бергелі отырған жастар оның мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Олардың әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныса отырып, бұл сасяи шарада өздерінің дауысының маңызды екендерін жақсы түсінуде. #NurOtan #NurOtanДауысБер

#BizBirgemiz

0
0
125

Атқарған жұмыстарын оң бағалады

Бүгін Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде аудан әкімі Азамат Сафималиев пен ауылдық округ әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев жыл ішінде атқарған жұмыстары хақында есеп беру жиынын өткізді. Ауыл тұрғыны, мәдениет үйінің директоры Жасұлан Пайдин мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, керемет қалыпқа енгені үшін ауданның басшы-қосшыларына алғысын білдіріп, әкімдердің атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Валентина Досқалиева Талов ауылының медициналық пунктіне рахметін айтып, медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол өзінің сұрағын ортаға салды. Оның айтуынша, үш жылдан бері шабындық жер ала алмай отыр.-Өзіміздің, яғни Талов ауылының айналасындағы жерлер басқа біреуде. Шаруа қожалық ашқан кезде жер берді. Бірақ ол жерде ешқандай жайылым жоқ. Қайта…

0
0
197