Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атқарған жұмыстарын оң бағалады

Бүгін Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде аудан әкімі Азамат Сафималиев пен ауылдық округ әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев жыл ішінде атқарған жұмыстары хақында есеп беру жиынын өткізді. Ауыл тұрғыны, мәдениет үйінің директоры Жасұлан Пайдин мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, керемет қалыпқа енгені үшін ауданның басшы-қосшыларына алғысын білдіріп, әкімдердің атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Валентина Досқалиева Талов ауылының медициналық пунктіне рахметін айтып, медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол өзінің сұрағын ортаға салды. Оның айтуынша, үш жылдан бері шабындық жер ала алмай отыр.

-Өзіміздің, яғни Талов ауылының айналасындағы жерлер басқа біреуде. Шаруа қожалық ашқан кезде жер берді. Бірақ ол жерде ешқандай жайылым жоқ. Қайта-қайта аудандық жер қатынастар бөліміне бардық, сұрадық,-деді ол. Аудан басшысы осы мәселеге қатысты тиісті жауап берді. Аудан әкімінің сөзінше, шабындық жерлерге арыз жазып, конкурсқа қатысып, ұтып алу керек деді. Ауыл тұрғындары аудан, ауыл әкімдерінің жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанды.

Есептік кездесуден соң аудан әкімі Азамат Сафималиев Талов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болған, күні кеше зейнеткерлік жасқа толған Марат Мұхамбетжановты құттықтап, өз атынан алғысхат табыс етті.

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Атқарған жұмыстарын оң бағалады - Yvision.kz