«Батыс» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті
«Батыс» бастауыш партия ұйымында Жәнібек аудандық мәслихат депутаты Избасова Саиданың қатысуымен 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын қолдау бойынша шара өткізілді. Шарада сөз сөйлегендер сайлаудың тиісті деңгейде ұйымдастырылғандығын, сайлау қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткізілгендігін атап өтіп, бұл сайлауда жергілікті тұрғындардың жоғары белсенділіп танытып, тұрғындардың басым бөлігі өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына бергендігін айрықша көрсетті.

