Қамысты ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен және ауылдың көп балалы аналарымен кездесу өткізді.
Аудандық мәслихат депутаты Салтанат Кенжалиева Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттары сайлауының қорытындыларын қолдау бойынша Қамысты ауылдық мәдениет үйінің ұжымымен және ауылдың көп балалы аналарымен кездесу өткізді.
Кездесуде Салтанат Кенжалиева қазақстандықтар жоғары белсенділік танытып, сайлауға қатысу арқылы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асырғандығын, «Nur Otan» партиясы қазақстандықтардың жоғары қолдауына ие болғандығын мәлімдеп, мұндай қолдау көрсеткен барша ауылдастарына алғысын білдірді. Өз сөзінде Салтанат Кенжалиева ауыл тұрғындарының «Nur Otan» партиясына көрсеткен сенімі мен қолдауы барлық партия мүшелеріне, әсіресе орталық және жергілікті өкілді органдарға сайланған депутаттарға зор жауапкершілік жүктейтіндігін және де өз тарапынан ел сенімін ақтау және алда тұрған міндеттерді іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.
Кездесуге қатынасқандар ел игілігі үшін мемлекет және партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ауыл тұрғындары мемлекеттік саясатқа үнемі қолдау көрсете беретіндігін баса айтты.

