Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, өткен электоральды науқанда біздің партия бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді.Әрбір қала мен ауданда 7 мыңнан астам нұротандық аға буын өкілдерімен, жастармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, жұмысшылармен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауыммен және басқа да азаматтармен кездесті. Басқосулар барысында мәселелер ашық талқыланып, партияның сайлауда көздеген мақсаты тілге тиек етілді.«Nur Otan»-ның жеңіске жетуіне жас белсенділеріміз үлкен үлес қосты. «Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн. үй мен пәтерлерді аралап, 6,2 млн. үгіт материалын таратты.Өңірдерде қоғамдық қабылдау бөлмелері қарқынды жұмыс істеп, оларға 95 мың өтініш түсті. Біздің к…