Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Саяси шараның ұйымшылдықпен өткізілуі, «Nur Otan» партиясының жеңістен көрінуіне партия белсенділері, сенім білдірген өкілдер, байқаушылар үлкен белсенділік танытты. Бүгін саяси доданы қорытындылау мақсатында «Nur Otan» партиясы ғимаратында жиын өтті. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев саяси науқанда зор белсенділік көрсетіп, сайлау жұмыстарына белсенділікпен қатысып, үгіт-насихат шараларын жүргізуде алғы шепте болған партия ардагерлері, праймеризге қатысқан кандидаттар, еріктілер мен белсенді жастар және штаб мүшелеріне Елбасы Н.Назарбаевтың атынан алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.
Біржан Қайырғалиұлы алдағы уақытта да партияның сайлауалды бағдарламаларындағы көзделген межелер аясында халықтың сенімінен шығу үшін жұмыстануға шақырып, нақты көрсеткіштерді көрсететін шараларды іске асыруды қолға алды деген тұжырыммен жиынды аяқтады.