Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан әкімі Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

📷 Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аппарат және бөлім басшылары, қоғамдық ұйым төрағалары қатысты.

📷 Аудан әкімі Азамат Сафималиев кеңес мүшелері алдында баяндама жасап, өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстар мен алда тұрған міндеттерді саралады. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов та өз хабарламасында жыл көлемінде жасаған жұмыстарына жан-жақты тоқталды. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бекет Әліпқалиев кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Мәселен, былтыр Қоғамдық кеңестің 11 кеңейтілген отырысы өтті. Төралқа отырысында 61 мәселе қаралып, тиісінше ұсынбалар қабылданды. Жоспарға сай кеңестің отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы хақында бөлім мен ауылдық округ әкімдерінің бюджеті тыңдалып, қаралды.

📷 Жиында сөз алған Қоғамдық кеңес мүшесі Наталья Сажина зейнеткерлікке шықса да, кеңестің мүшесі болғанына қатты қуанатынын айтады. Ол қоғам өміріне барынша атсалысып жатқанын жеткізіп, аудан басшысының атқарып жатқан жұмысына ризашылығын білдіріп, аудандағы техникалық судың мәселесіне тоқталды. Осы мәселеге қатысты аудан басшысы тиісті жауап берді. Яғни техникалық судың мәселесі шешілу үшін үлкен көлемде қаражат керектігін айтты.

📷 Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.

0
0
205

Осы тақырып бойынша