Бүгін аудандық мәслихат депутаты Дәулетбек Төлбасыұлы азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін "Nur Otan" партиясы Шардара аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік сала, тұрғын үй—коммуналдық сала, материалдық көмек көрсету, қауіпсіздік мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді. Депутат келушілерге өтініштері бойынша тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді, бірқатар азаматтарға заңнама аясында түсініктеме берді.
