Жамбыл облысында идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
14 қаңтарда Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен идеология саласы бойынша алқа мәжілісінің отырысы өтті. Келелі кездесуге аталған салаға жауапты өңірдің барлық атқарушы билік өкілдері мен мемлекеттік емес ұйым төрағалары, қоғамдық бірлестік жетекшілері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.









