Студенттермен өткен диалог барысында жаңа Конституция жобасына қолдау білдірілді
Қазақ ұлттық техникалық университеті базасында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы аясында кездесу өтті. Іс-шараны «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы» жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырды. Кездесуге жоғары оқу орнының студенттері қатысып, жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.






