Мазмұнға өту
Общество
Общество

Общество

7 728 жазбалар988 тіркелуші

Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!

Жалғыз қалды

Әдеби дүние, әдеби кітап замана ызғарымен бетпе-бет келіп, жалғыз қалды. Кітап идеологиясы нөлге айналды. Есесіне тіс жуатын паста, сабын, иіссу, кір жуатын ұнтақ тіпті еден жуып, қоқыс жинайтын шет елдік дүниені әр телеарнадан 10-15 минут сайын жарнамалайды.

Сананы оятып, ой салатын жап-жақсы хабарды көріп, тұщынып отырғанда жалт етіп гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер экранға шыға келеді. Қазақша мәтіні орыс тілінің екпінімен зуылдап айтылады. Қай каналда да осы. 

Кітап ше?

 Көркем әдеби, тарихи кітаптар қайда? 

Оқырман қайда?

Оқырман қайрылмай барады. Өткен қыста Әнес Сарай, Қойшығара Салғара, Несіпбек Айтұлы, Төлен Әбдік облыс орталығына келді. Сұхбаттасып отырып: «Бұрын жазушылар ауыл-елді, оқу орындарын аралап, кездесу өткізетін. 

Кітаптарын ел-жұрт (кеңестік кезең идеологиясы, орыс тілі салтанат құрып тұрғанның өзінде) пышақ үстінен талап әкететін, сондай кездесулер неге ұйымдастырылмайды?  

Тірі жазушыларды көруден қалдық қой» дедік. «Бұрын жоспарлы түрде Жазушылар одағы бар, басқасы бар іссапарларға арнайы жіберетін, жолақы, жамбасақы берілетін. Енді осыны ауыл-елдің басшысы не кітапқұмар байшыкеш өз мойнына алып, шақырса ғана баратын болдық. 

Бір-екі мың данамен шығарған кітабымыз елге жетпейді. Бүгінгі ұрпақ бізді тани қоймайды» деді. «Насихат жоқ» деді. «Әдеби кітаптар жалғыз қалды» деді. 

Бір іссапарда ауыл кітапханасына бардық. Кітап қалаулы тұр. «3-4 жыл болды, «Атамұра» баспасынан міне, мынадай-мынадай кітаптар түсті. Ана тіліміздегі кітаптар көбейді» деп мақтанды кітапханашы. 

Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаевтан бастап белгілі қаламгерлердің кітаптары, ертегілер, мақал-мәтел ... Бірақ ешкім алып оқымайтыны көзге көрініп тұр, су жаңа. Жаңа ғана әкелгендей. 

Парақтары жабысып жатыр... Міржақып Дулатов бір ғасыр бұрын былай депті: «...әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес». Бірақ бізде әдебиет, тарих жоқ емес, бар ғой. Бірақ пайдаланылмай, іске аспай тұр.

Интернет келді. Басқасы келді, жарнама ілесе келді. Жаңалық, заманауи технология жақсы-ақ, ақпаратты жылдам естисің, басқа да ұтымды жағы көп, зияны да аз емес. Осы «байлық» көркем дүниені, құндылықты ығыстырып барады. 

Бұл – бізде. Бір күнде 3 рет газет шығаратын редакциялар, ақпараттық дүниесі алға озып кеткен шетелдіктер газет-журнал, әдеби кітап оқитын оқырманға ділгір емес. Газет-журналың да, жаңа шыққан кітабың да бірден тарайды, бірден оқылады, өзге тілдерге бірден аударылады. Олар өздерінің әдеби дүниесін жанталаса басқа тілдерге аудартып, өздерін танытып жатыр... 

Көбік сериалдарын күнде шығарып жатқан елдердің театрында әр қойылым аншлаг деп естиміз. Сонда олардың шығармашыл адамдары кез келген дүниеден шедевр жасайтын кереметтер ме әлде халқы әдебиет пен өнерге сусап тұра ма?  

Кітап оқымайтындардың өмірі басталды. Кітап оқымайтын ұрпақ өсіп келеді. Жоғарыда сөз болған қаламгерлердің бірі: «Менің немерелерім бұрынғы қаламгерлерді оқымайды, олардың уақыты өтіп кеткен, қызықсыз» деді. 

Бұл – уақыттың бағасы! Ендеше, бүгінгі күннің шындығын сорғалатып тұрып жазатын қаламгер қайда, оны таласа оқитын оқырман қайда? Жылда «Бір ел – бір кітап» акциясы өтеді, жылда белгілі жазушылардың тұщымды дүниелері насихатталады. 

Бұл – теңіздегі тамшыдай-ақ.  
Ана жылы Фариза Оңғарсынова: «Сөзімді тыңда, биліктім!» атты өлең жинағына «Айнам, аман, биік жүр!» деп қолтаңба жазып берді. Бірінші бетіне фотосуреті, бір топ өлеңдері шыққан «Қазақ әдебиеті» газетін ала бардым Тұманбай ақынға. Газеттің сол бетіне: «Өлеңдерімді көп оқиды екенсің. Туған қарындасымдай жақсы көрем сені» деп қолтаңбасын жазып берді ақын. 

Бұл сөздер қанат бітірді. Қазір бала-шағаның, тіпті бесіктегі сәбидің тойына барсам, кітап сыйлаймын. «Көп оқы, биікте бол» деп жазам.
Егер, дейді бір ойым, егер әр телеарнадан қазақ әдеби кітаптарын (бұрынғысын, бүгінгісін) сусабын, ұнтақтың орнына күн сайын, әр 10-15 минут сайын жарнамалап, қайталай берсе не болар екен...
Рухани бұлқыныс керек!

                  Сая Молдайып

0
1
910

Голодомор (Ашаршылық). Уроки истории

Самое главное и важное не только помнить и почитать жертвы голода в Казахстане, но и уметь делать выводы из трагедий истории. 

Да, большевики во главе с Голощекиным распяли Степь, но виноваты ли в этом только большевики?


Жақсы сөз сөйле немесе үндеме

Сөз адамды адаммен байланыстырушы құрал. Адам, қуанышына ортақтаса білу немесе қайғырғанда жұбата білу де сөзді дұрыс қолдана білу нəтижесінде жүзеге асады.
Керек кезде қажетті сөз таба білу немесе əр адаммен сол кісінің тілінде сөйлесу, бір адамның басқа адамнан ерекшелігі болып тұрады. Дұрыс сөйлеу мəдениеті, адамның ойлау қабілетінен, оның бейтаныс əлемінен хабар береді. Ол адамның жан дүниесін көзге көрсетеді. Адамның сөйлеген сөздері, оған деген сенімді ұялатады немесе жоғалтады. Əр адам өз алдына жеке тұлға жəне оларға сөйлеу мəнері де өзгеше. Кедей адамға ақша туралы, немесе жетім адамға ата-ана туралы əңгіме айтылмауы қажет. Былайынша айтқанда, адамның жүрегін жібітетін де - сөз, тату адамдарды араздастыратын да - сөз. Сөздің құдіреттілігінде шек жоқ. Сондықтан аузыңыздан шыққан əрбір сөзге абай болыңыздра! Жақсы сөз сөйлеңіз немесе үндемеңіз. 

5
2
5899

Сіз өзіңіз жайлы не білесіз?

Өзімді 100%-ға білемін деп ойлайтын адамдардың сөзіне күмəн келтірер едім. Қанша жерден өзімді білемін, танимын дегенмен сіз өзіңізді толыққанды біле алмайды екенсіз. Сізді жаңа қырыңыздан танытатын, іштегі жақсы, жаман мінезіңізді шығаратын, өмірдегі жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз, басыңыздан өткен қуанышты, қайғылы оқиғалар сізді өзгертіп тұрады. Былайынша айтқанда, барлық адам Хамелеон. Тұрақты мінезі болмайды. Мұңайып отырып, көңілі көтеріле салуы мүмкін немесе керісінше. Мен бұндай қасиеттерімді қалай, қайдан біле аламын?- деп сұрайтын болсаңыз, жауап беріп көрейін. Мейлінше психологиялық кітап оқыңыз, немесе оқуға тырысып көріңіз, сізге бұл тақырып жақпаса да оқып көріңіз, ұнатып қаласыз. Себебі: сол психологиялық кітаптар арқылы сіз өзіңіздің қандай екеніңізді біле аласыз, өзіңіздегі қасиеттерді тани аласыз, адамдарды тани аласыз, бір көргеннен-ақ олардың мінезін біле аласыз, әсіресе дос табуда немесе адамдар мен қай уақытта қалай сөйлесу керектігін үйрене аласыз, оның сыры неде? Кітап барлығымызды оқытатын, тәрбиелейтін мəдени дамытатын әдеби құрал. Кітапта басты кейіпкердің оқиғасы сізге таныс болуы мүмкін немесе басты кейіпкердің мінезі сіздің мінезіңізбен ұқсас болуы мүмкін. Сол кітапты оқи отырып, сіз өзіңіз білетін мінезіңізді таба аласыз, тіпті өзіңіздің басыңыздан өткен, бірақ сіз оған мән бермеген болуыңызда мүмкін жәйттар болуы мүмкін. Достар сондықтан айтайын дегенім, мейлінше кітап оқыңыздар, өзіңізді жетілдіріңіз, үйде немесе жұмыста отырып-ақ өзін-өзі жетілдіру курстарын өткізіңіз. Ал, кітапқа қызығушылыңыз төмен болса Ұлы ойшылдардың психологиялық цитаталары мен афоризмдері де жақсы көмектеседі. Бұған менің көзім жетті. Сәттілік. 

5
5
862

Мінсіз

Өмірге келген əр адам бақытты болуға лайықты. Тек ол адам өзін бақытты адам ретінде сезіне білсе жақсы. Бірақ əр адамның дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы əр түрлі жəне оны бақылап өзгертуге тырысу мүмкін емес. Ол нəрсені өзгерту сол кісінің ғана қолынан келеді. Ал, біреудің мен сені жөндеймін, кемшіліксіз адам ретінде қалыптастырам деуі бос əурешілік. Барлық нəрсе адамның ниетімен іске асады. Иа, мен де мінсіз болуға тырысамын жəне сол үшін өзімді барынша тəрбиелеп келемін. Мектеп кезінде əсіресе 5-6 сыныпта оқып жүрген кездер болатын. Мен көп боқтық сөз қолданатын едім. Мектепте болмағанымен, басқа уақытта жиі қолданатын едім, əсіресе ашуланғанда немесе жай сөз арасында. Бірақ ер балаларға боғауыз сөз ештеме қылмас деп жүре беріп, оған қатты мəн бермейтін едім. Кейін көп боқтайтынымды мойындадым жəне оны жөндеуге кірісіп, өзімді тəрбиелей бастадым. Қазір менің тілімнің тазарып, түзу сөйлеп жүргеніме  10жылдай уақыт болып қалды. Мен осы ісіммен өзімді биік ұстаймын жəне мақтан тұтамын. Оқырмандардың арасында мені танитыны да танымайтыны да жəне мен жайында азды-көпті білетіні де, мүлдем хабарсызы да жетерлік. Сондықтан өзімді таныстыруды, қызықты оқиғаларыммен бөлісуді қаладым. Бұл пост мен жайында бірінші дерек болсын!!!  

4
5
749

Сенің досың кім?

 Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің деп жатады. Бірақ ұяда көрген тəрбие, барлық жерде пайдаға аспайды. Сондықтан адамды араласатын ортасы тəрбиелейді. Менің ойымша бір адамның ішінде бірнеше мінез өмір сүреді. Өмірдегі түрлі оқиғаларға байланысты адам өзгереді, өзі өзгергесін оның мінезі де өзгереді ол араласатын ортасында өзгертеді. Кейінгі өмірі, өсуі немесе өшуі араласатын ортасымен тікелей байланысты. Бұл ортасы заңсыз істермен айналысып, қараңғылыққа жеткізеді немесе тек сəтті қадамдар мен биіктікке жеткізеді. Əр күні түрлі қылмыстар, жаңалықтар осындай өзін таба алмай жүрген адамдар, достарының ниеттерінің түзу еместігінен алданып қалып, өмірдің қиындықтарына тап болып жатады. Сондықтан менің ойымша, адам үшін араласатын ортасы өте маңызды. Оны дұрыс таңдай білген жөн. Керек болса араласқысы келетін адамды ұзақ зерттеп алған да дұрыс болар. Ниеттерінің дұрыстығына мақсатының анықтығына көз жеткізіп қана, араласса дұрыс болар еді. Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтам дейдіғой. Сол сөзге назар аударып, достарыңызды, ортаңызды дұрыс таңдай біліңіздер! 

2
0
2245

Махабатты қалай елестетесіз?.

Көбі айтады, жоқ көбі емес, барлығының айтатыны бір сөз. Адамның бетіне, сұлулығына ғашық болмаңдар, керісінше оның ақылына ғашық болыңдар, мінезін жақсы көріңдер деп жатады. Ал, ең күлкілісі бұл сөзді жиі айтатындар үйленбеген немесе тұрмыс құрмағандар. Өзіңізді бұлай алдаудың еш қажеті жоқ. Солай айтатын әрбір адамның ойында бір идеал адамы бар. 《Бір көргеннен ғашық болдым деген бар》. Ондай жағдаймен көшеде немесе бір отырыста, тойда кездесіп қалуларыңыз мүмкін. Қыз бен жігіт кездесіп қалса, көзге бірінші түсетіні оның ақылы, адамгершілігі емес, көзге түсетіні оның бет келбеті, сұлулығы, тартымдылығы, харизмасы. Осы аталғандарды көріп, ғашықтық сезімі оянған кезде ғана, оның мінезін, имандылығын, жан дүниесін білуге деген құштарлығы артады. Сөйтіп оның мінезіне, ақылына ғашық болады. Қосылғаннан кейін арада жылдар өтеді, алғашқы көргендегі сұлулық сол қалпында қалуы екіталай. Бір-біріне деген сезімі, сыйластығы мен бауыр басушылығы сақталады.
Мен әлі күнге сыртқы келбетіне назар аудармай, жан сұлулығына ғашық болып, соған үйленген адамды көрген емеспін. Мүмкін бар шығар, көпке топырақ шашпаймын. Ал, менің сөзіммен келіспейтін, айтқан сөздеріне берік адамдарға айтарым: ӨМІРДЕ тек қана сəттілік!!! 

3
2
1271

Ислам діні – тірегің

Алланың ақ жолынан адастырып,

Адамзат санасына салған бүлік.

Жаһанға Кеңес атты келген заман

Діңдарлардың ауызына салып құлып

Ислам діні діңгегін алмақ жұлып.

Болғанда діндарлар аз қырылды ма ?

Күңіренді ел,

Күйзелді ел, еңіреді,

Әділетсіздік жегі құрттай кеміреді.

Айырылған дін пірадарлар абыздардан

Еңсесі  езілмейтін темір ме еді?

Әйтсе де шыдап берді сабыр сақтап,

Ал Кеңес діндарларды жатты даттап.

Абайсыз атын айтқан айыпталып,

О дүние босағасынан жатты аттап.

Әйтсе де дінге сенім берік еді,

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деуменен

Жер ана  қойынына еніп еді.

Сақтағандар Алланы жүрегінде

Дін қайта оралар деп сеніп еді.

Ақылға қашандағы сенім серік

Жан екен дейтіндердің діні берік,

Сауатсыз болуы да ғажап емес,

Әйтсе де бас тартпады діннен жеріп.

Негізін сол сенімнің қалап Алла,

Дамытқан  ұстаз десек дауың бар ма?

Сол ұстаз кімдер еді қиын сәтте

Дін үшін қарсы шыққан қалың жауға?!

Алашқа Исламды  таныстырған,

Ғасырларда бізден шалғай алыс тұрған.

Йассауи, онан бермен Бекет өткен,

Әулие қалың қазақ тәуап қылған.

Бұлардың Ислам үшін орны ерек,

Исабек Ишан Ертіс өңірін нұрға бөлеп,

Өңірге ислам дінін таратушы

Ишанды қуаттады ел тәңір жебеп.

Мәшһүрді қалай айтпай тұра аламыз,

Атанған бала Мәшһүр, асқан зерек.

Сол Мәшһүр ортамыздан шыққан жарып,

Жатырмыз әулиені жаңа танып.

Есімін Ақбалықтың естігенде,

Біраз ел қалғаны анық қанаттанып.

Ұмыттық есімдерін ұмыттырған,

Кеңес ед Исламды шалған құрбан.

Алланы ұмыттыра алмады ол,

Талайын тайталаста Құдай ұрған.

Еңбегі ұстаздардың тек кетпепті,

Дінсіздер жұлынса да  жұлып көкті.

Қалың жұрт қалған тіптен діндарларсыз,

Білдірмей бір әрекет бастап кетті.

Жатарда «Бісміллә» де- шошымайсың,

Далада «бісміллә» деп отырғайсың.

Тұрғанда Алла өзің оңғар жолды,

Өткенде бейіт  қасынан  қолың жайып,

«Аллаһуакбар» тие берсін десең болды.

Ұрпақтың  құлағына құйып күнде,

Құдай жоқ деген сөзді ұмыттырды.

Үлкендер қиырдағы ауылдарда

Ашатын ауыздарын бір Алла деп,

Намазын оқып бір сәт дамылдарда

Алланың шүкір дер ед бергеніне,

Дін аман  оразаны көргеніне.

Дінсіздер бұл амалдан бейхабар ед,

Алла деп тілі шыққан жөргегінде.

Сіңірді ата салтты санасына,

Алаштан ата салты қалған мұра.

Кішірей кішірейгенге құлың емес,

Менменге күнің үшін құлдық ұрма.

Біреуді біреумен атыстырып,

Өсек айтып ел жұртты шатыстырып,

«Әй, кәпір» атанудан сақтан, балам.

Кеудеңді көкке мәңгі көтермегін,

Сәт түсіп шыңға шықсаң күнің туып.

Ешқашан кісі ақысын жемегейсің,

Жөн сөзге

Менікі жөн демегейсің.

Ұрлық  түбі, қарағым, қорлық деген,

Әлсізді күшің жетсе демегейсің.

Сауап бар, обал барын есте ұстағын,

Ол сауап қолың созсаң жанға жарым.

Ол обал тартып алсаң қолда барын,

Осылай тәлім алған ұландардың

Тайғаны дұрыс жолдан жалғыз жарым.

Зорлық пен зомбылыққа жол берілген,

Заманда кетік тісті кемпірлерді

О, тәуба-ай, шынымды айтсам, сағынамын.

Қатыгез ұрпақтарды жөнге салар

Ағайын айтшы болса бір амалын.

Ұрпағың ары таза, жаны таза,

Ешқашан ел бүлдіріп баспас жаза.

Түрмеде өмір өтіп тартса жаза,

Жарық күні жаныңның жұбанышы.

Не пайда мына өмірде барлығыңа

Ұрпағың  бала жастан арды мұра.

Десеңіз

Тізгінін тәрбиенің қолыңда ұста,

Келмекші сонда орнына барлығы да.

Ата дін, ата салтын ардақтаған,

Өсірген ата- анасын зарлатпаған.

Ислам дінін серік қып өскендердің

Астына тар қапаста нар батпаған.

         Cүлеймен Баязитов

0
0
1281

Бір баланың тілек батасы

Оқыт бізді, әкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып
Уанта көр, құдай-ай!
Аяндардың пітінесін
Суалта көр, құдай-ай!
Надандықта қор қылма,
Миллетке бізді сор қылма,
Микробтарды зор қылма,
Рақым айлап, құдай-ай! 

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
670

О том как я не стал "нағыз казахом" и стал настоящим казахом

С детства стоя в очередях, бывая в ауле, или пытаясь общаться с городской родней всегда натыкался на отчужденное к себе отношение. Слишком много читал, слишком независим и не знаю всех прибамбасов как там надо общаться по казахски. Общих точек соприкосновения с родней не было.

Вырос и в принципе все осталось также. Я привык и особо не заморачиваюсь.  Меня никто не приглашает на какие-либо мероприятия и я с радостью это переживаю. Честно говоря не люблю тупо тратить время на многочисленных мероприятиях, где у каждого есть свой ранг и если ты не "агашка" то и отношение к тебе такое же - не агашкинское. А подливать водку кому-то в стакан с подобострастной улыбкой, только потому что он своровал очередной тендер и у него молодая любовница, возрастом с его дочерью меня как-то не прикалывает. Желающих для этого и без меня много.

Зато с годами стал интересоваться своей родословной. Мне очень интересно кто были мои предки. По крупицам собираю сведения о своих дедушках и бабушках. Узнаешь много интересного. И то что дед у меня оказывается был приказчиком у русского купца в Актюбинске, объездившим с обозами весь Юг России и Узбекистан. Бывал даже в Кяхте (город в Бурятии, приграничный с Китаем), где закупал чай. Вот откуда у меня страсть к путешествиям и приключениям.

Интерес к корням вызвал интерес к нации, к которой я отношусь. Я перерыл кучу материалов по вопросу возникновения казахов, их взаимоотношениям с соседями. Стала вырисовываться картина того, что казахи как нация активно развивались именно в период осознания себя как свободных от центральной власти людей. В их среде главными цементирующими понятиями были две вещи:

  • Ислам как признак отличия от славян, с которыми начали смешиваться многие тюркоязычные племена;
  • Доминанта родственных отношений, в отличие от преклонения перед централизованной властью. 

А так казахи принимали всех - и джунгаров, и ногайцев, и монголов. Любой мог придти и сказать - Я по роду аргын, или найман, или кипчак. Главное было что ты помнишь тегі, қайдан шыққансын. Как Султан Бейбарс, который всю свою жизнь помнил запах степной полыни.

Казахи стали свободным кочевым народом, который не принимал любых чуждых влияний. Будь то ортодоксальный ислам, или стремление соседей растворить в себе казахские племена. Родоплеменные отношения и умеренный ислам мешали этим процессам, сплачивая народ.

Ну а мое вначале увлечение изучения истории и менталитета казахов постепенно переросло в желание соответствовать по духу своим предкам. Пусть я так и не стану говорить "судай" на казахском и останусь атеистом, который слабо разбирается во всех хитросплетениях и оттенках родовых и межличностных отношений в традиционном казахском обществе. 

Не это главное!

Главное что мне интересно постепенное осознание того, что я казах и почему мне хочется быть казахом, а не русским, американцем или там узбеком. Мне интересно погружение в менталитет народа, в его жизнь. Настоящую жизнь! Не ту которую показывают на центральном ТВ, а ту, которую видишь слушая разговоры в общественной бане, толкаясь со всеми в переполненной маршрутке или пытаясь докричаться до очередного чиновника в какой-либо инстанции.

И в отличие от тех, кто жил этой жизнью с детства и воспринимает ее как обыденную и затрапезную мне она интересна как исследователю, который ищет свои корни. 

И поэтому я уверен что казах это не то, что ты знаешь только казахский язык и больше тебе нечем похвалиться. Это состояние души, когда ты не принимаешь никаких догм, свойственных оседлым народам, а живешь полной жизнью свободного человека.

Настоящему казаху не нужна опора в этом качающемся мире. Изменчивый мир и есть наша стихия.

Настоящему казаху как и настоящему индейцу завсегда везде ништяк.

И поэтому настоящий казах это не принадлежность по крови, а принадлежность по духу. Вольному духу степняка, не отягощенного никакими границами и догмами, но всегда помнящего запах полыни половецкого поля.

Мне  лично хочется быть именно таким вольным казахом, а не просто человеком, считающим себя казахом вследствие происхождения и языка. Главное это содержание, а не форма.