Мазмұнға өту
Общество
Общество

Общество

7 728 жазбалар988 тіркелуші

Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!

Шығамын тірі болсам адам болып

Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толғанайдай балкып туған.

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес.

Тебем деп тірі болсам надандықты,

Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1
0
1881

Бұлақ

Шың басынан құлдырап,
Құлап аққан тас бұлақ.
Әлденені былдырап,
Айтатындай тұр құлақ.
Әй, балалар, балалар,
Тентекке не шара бар?
Суымды тұнық лайлап,
Мәз боп санын сабалар.
Лақтырып небір қоқысты,
Жағамды сол қоқытты.
Арнама әкеп төгеді,
Күл қоқысты, боқтықты.
Әй, балалар, тентектер,
Басып қансаң шөліңді,
Ластамаңдар төрімді!
Өтінемін сендерден!-
Деп тұрғандай көрінді.

Сүлеймен  Баязитов

3
0
481

Хрущевті тақырға отырғызған

Сәмен өзіне әлдекім сыйға тартқан кітапты қолына алып, самарқау көз салып отыр. Кенет көзі «Хрущевті тақырға отырғызған» деген тақырыпқа түсе кеткені.

Сол кезде мұның: «Хрущеві кім? Аты әлемге әйгілі «жүгеріші» Хрущев пе, жоқ әлде екі ауылдың бірінде арақтан басы артылмай жүрген ішкіштердің бірі ме?»- деген ой иектеген. «КСРО президенті...»  деген жолдарды оқығанда, мұның ауылдағы арақ кешке зәредейде қатысы жоқ екенін әңгіме «жүгерші» Хрущев туралы екеніне шүбәсі қалмады.  

Рас, арагідік әлдекімдердің естелігінде аты аталып қалғаны болмаса, қазақ әдебиетінде әзірше Хрущев туралы қалам тартушы жоқтың қасы.
Әңгіме авторы сол кемшіліктің орнын толтырмақ болды ма екен?

Тек КСРО –да Хрущев ел басқарған жылдарда президент деген атымен болмағанын ел тарихын білмейтін бұл не қылған журналист?

Әлде ертегі ме?..
Олай деуге біздің өңірдегі бірден-бір таулы аймақтың сол жерде шығатын үнпарақтың, тіпті басылым бастығының аты-жөні мен мұңдалап тұр. Ол аз десеңіз, Хрущевті алдап соғып, тақырға отырғызушы да сол басылым бастығы.

Әңгіме арқауы: Тың өлкесін құрып, қазақтың аузын ақ нанға тигізген Хрущев күндердің күнінде сол қазақтардың мұның атын әлемге жайған жүгеріні қалай өсіріп- баптап жатқанын өз көзімен көріп, таныспақ болып, сол тұстағы Целиноградқа ат басын тірейді. Оның сапарының мақсатын білген тұста лауазымды билік иелері шошып кетсе керек. Өйткені желкілдеп өсіп тұрған егістік алқап жоқ еді.

Басшылардың  бірі  ығып, бірі бұғып қалса керек. Содан біздің таулы аймаққа Хрущев  өзі жалғыз ұшады. Сол кезде таулы аймақты ашса алақандарында, жұмса жұдырықтарында ұстап, жатқызып, тұрғызып, жүргізіп тұрған жоғарыдағылардың қас-қабағын бағып, олар «иіл» десе, иіліп, олар «бүгіл» десе, бүгіліп отырған таулы аймақ басшылары билік иелерінің әрекеттеріне секем алып селт еткен.

Хрущев жол басшылыққа аудандық үнпарақтың  редакторы  Өтірік Оңбағаровты ұшаққа  желкелегендей жетектеп келіп мінгізіп жібереді.

Таулы -тасты аймаққа құнарлы қара топырақ қайдан келсін? Жүгері көктей солған. Содан Өтірік Оңбағарұлының есіне арпа егілген алқаптың көпке дейін көкпеңбек болып тұратыны түсе кетсе керек. «Жүгері егілген алқап әне-міне»  деп құс қанаты талатын биіктікте ұшып келе жатқан самолёттен арпа егілген аймақты көрсете беріпті, көрсете беріпті...

Анау басын изеп: «Жақсы, жақсы, айтарлықтай»,- деуден жалықпаған сыңайлы.
-Сіздің аудан жүгеріден мол өнім алғалы  тұр,- деген.

Бұған масаттанған редактор ұшқыштардан:  «Сәл төменірек ұшуға болмас па екен?»- деп сұраса керек.

-Онсыз да қарғыс атқыр қара тастың қайсына соғылып, күл-паршамыз... Мұны естіген Хрущевтің  екі көзі шарасынан шығып: «Дереу биікке көтеріліңдер, қайтамыз!»- депті.

Сөйтіп, біздің Алдар Көседен асып туған ағамыз Хрущевті тақырға отырғызған екен.
-Апыр-ай, ә?!..

Бір қарағанда, әңгіме авторы қазақтың  елі мен жерінің Хрущевте кеткен кегін қайтарып, ит терісін басына қаптаған сыңайлы. Тек  өтіріктің  құрығы бір-ақ тұтам.

Ол- бір.
Екіншіден, саясаттан да,тарихтан да бейхабар, ең бастысы, жазу өнері түсіне де кірмейтін қарындасымыздың айға атылған арыстандай ойсыз әрекетіндей қазіргі қазақ журналистикасында жүрген  шала - пұла, менмен, талантсыз да талғамсыз кейбір журналистердің мүшкіл халі осылай кете барса, не болмақ?..

Көңілге түйне түйткіл тастайды екен...       

                                                                                          Сүлеймен Баязитов           



0
0
734

Жастарға арнау

Ах,шіркін,қайран дүние-ай!

Сұм заман,зар заман,ақырзаман,келді міне халайық,

Ұлттық тіліміз,дәстүр-байлығымыз,кетті міне құрдымға,

Өзімшілдік,тәкәппарлық,менмендік,

Тойымсыздық,ар намыстың жоқтығы,

Жеткізді елді  дағдарыстық жағдайға...

Жалған дүние-ай!

Ақша үшін арын сатып,халқын сатар көбейді,

Екіжүзді,арам ойлы,ойында дым жоқ,

Басыңда ми жоқ,бұл қоғамның бейнесі!

Кезек келді,енді міне,

Ойы жүйрік,ақылы озық,

Жан-жақты біздің жастарға!

Қазақ ұлттың алға сүйреп,

 Танытатын баршаға

Сен де қалма,

Ертеңді ойла,

Босқа жүрмей,

Ойыңды білдір,

Елді күлдір,ойландыр,

Талаптанып ниет қыл.

Ел жұмылып,

Біріксе егер бүгінде,

Ойды ашық,бұлтартқысыз айтсақ егерде,

Осы кездең,осы сәттен,

Ел санасы ойы,парқы,ниеті,

Егер түссе бір жерден,

Алынбайтың,қол жетпейтің,

Асу қалмас әлемде!

 Ps:Елдің болашағыңа көбірек көңіл бөлейік,тілімізді жаңғыртайық,армандайық,қиялдайық!

4
0
2652

Қып - қызыл...

Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар  екенін бірден танып, қозы көш  жерден алдынан шығып қарсы алған. 

Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды. Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін. Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған.

Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз   келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды. 

-Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, әлде партияға қарсысың ба? (бұл сөз оның бісмілләсі еді). Сол сәт ол Қаттыбалаға қаһарын тігіп, кәрлене қарады.

-О, несі ей?!- деді сөзін одан әрі сабақтап,- партия үшін сенің шалың ыз-ыз етіп ұшып, қоқыстан-қоқысқа қонып жүрген қара маса! Ұқтың ба? Қаттыбала басын изеді. 

-Ол бүгін өле ме, ертең өле ме партияға бәрібір. Осы сәт өзіне-өзі риза болған кейіпте партия үшін сенің шалыңдай шалдардың оны өлсе түк емес, ал бір тоқты өле қалса... 

Коммунист Сәруар Шалдуарұлы, қайда қарадыңыз?- деп сұраудың астына алады.  -Е-е, солай де, - деді Қаттыбала мұның ыңғайына көшкен сыңай танытып.
 -Әйтеуір бір сұрау бар екен ғой.
-Енді қалай деп едіңіз?- деді анау екіленіп. 

-Бүгін ауыл орталығында ауданның бірінші хатшысы жиналыс өткізбек. Сағатына қарап: «Әне- міне дегенше келіп те қалар»,- деп аудан орталығынан ауылға өтетін жолға көз тастаған. 

-Содан соң сіздің ферма жолда тұр. Соған соға қалса, ондағылар әлденені көйтіп жүрмесін. Сен бақылау жаса, ауыздарын аштырмайтын бол,- деп колхоз бастығы мені күн ілгері осында жіберді. 

Бұл – партиялық тапсырма. Ал сен болсаң...  аузыңа келгенді оттап... бері таман жақындашы! 


Оның не айтқалы тұрғанын түсінбеген Қаттыбала бір басып, екі басып бұған жақындай берген.  

Сол сәт Сәруар қамшысын үйіріп:
-Иттің қатыны!- деген ақырып, - ана хатшыға аузыңнан қағынып, бірдеңе дедің бар ғой, ажалың  менен!- деп қамшысын сілтей бергенде, Қаттыбала денесіне  дарытпай қолын ұстап үлгерген.

Осы сәт абалай үрген иттермен жарыса  сәлем берген ауыл адамдары  оның сөзін бөлген. Ол атынан түсіп, өзін қарсы алған қойшылармен бірге мал қорасына кірген тұста.

 Бұл меңгерушінің атына қарғып мініп, айдау жолға қарай ағыза жөнелді.
- Лағынеттің басынуын- ай! Тіпті қамшысын сілтеп!..- осылай деп ол даланы басына көтеріп, аңырап жылап жіберді. Ызалы еді. 

Жол жиегіне жеткен тұста аттан түсіп, алға қарай жаяу беттеді. Ағып келе жатқан қара волганың алдын кес-кестеп:
-Тоқта, тоқта!- деп ышқына айғайлай ұмтылды. 

Әлден соң ауданның бірінші хатшысы машинасынан  түсіп, бас изеп:
-Жайшылық па, жеңгей?-деп сұрады.
-Жайшылық болса, алдыңнан шығып жолыңды кесер ме едім? Иттен туып, іннен шыққаным жоқ, қазақы қалыпты тәрбие алған жандардың бірімін,- деді ол.   

- Ана фермада менің күйеуім сіздің  қып-қызыл коммунисіңіз  қара тышқақтан өлгелі жатыр. Соған бір көмегі болмас па екен?- деп алдыңыздан шығып едім.  

-Ол кісінің аты-жөні кім?
-Ол кісі соншалықты жуас адам. Содан ба ауылдың басшы-қосшылары «Қаттыбаланың күйеуі» деп атайды. 

Сіз де ...
Ал Сәруар жайлы жақ жазбаған. Жазасын Алла берсін деумен шектелген еді.
Байғұстың көрер жарығы бар екен. Бірер күннен кейін сырқатынан айыға бастады. 

Қаттыбаланың    тілегі қабыл болды ма кім білсін, ферма меңгерушісі қойшының әйелінің көрпесін былай қойып, етегін түріп,   әйелдің енесі үстінен түсіп, айғай-шудан басы арыла алмай қалды.

 Келіншектің айтысына қарағанда, мұны да «партияға қарсысың ба?» деп қорқытып дегеніне жетсе керек. Ісін партия жиналысында қаралып, қызметінен босады. 

Сол тұста ғой ауыл ақсақалдарының бірі: «Қара тышқақ партия, ойнасқор партия мыналар өзі партияны қолжаулық қылып бітті-ау!»- деп ренжіпті. Бұл енді жалғыз оның емес, көпшіліктің кейісті көңілін меңдеген түйне түйткілі еді.

Сүлеймен  Баязитов

2
0
958

Бас ақын

Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!  Мен солай ұйғардым!»- деп салды. 

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді. 

Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты. Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.
-Бар,- десе...
-Дұрыс!-  деп бетке батасын беретін.
- Жоқ,- дей қалса...
- Сен өзі... не тантып тұрсың?

 Пәленшенің тойында  облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең?- деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді.
-Жазбаса, заказ беріп жаздырт. Мына бетті  содан соң  әкелерсің!- деп шығарып салатын болды. 


Еңбегі осылай бірнеше рет еш болған бөлім  меңгерушісінің күйіп кетіп: «Қазақтың бас ақыны – Абай, мұны айтқан мен емес – Ахмет Байтұрсынов. Ал сіздер айтып жүрген облыстың бас ақыны – қазақ  әдебиетіндегі дауасыз дерт, сыздауық. 


Шекпен киген данышпан Абай ғана, Макентожды  миғұла жетіп жатыр,- деп Қадыр ақын текке айтты дейсіз бе?   Бұл да  сол миғұланың бірі  мінез танытамын деп мәдениет бөлімінен өндіріс бөлімінің әдеби қызметкерлігіне төмендетілгені. Бұл байғұс мәдениет бөлімін ұршықша үйіргенімен өндіріс деген пәленің неден басталып, неден аяқталатынын біле қоймайтын. 

Қаламақыдан қала берді бірі аға, бірі ініден құрақ ұшып тұратын мәдениет саласының қызметкерлерінен көз жазды.  Әсіресе «Жырыма қанат беріп, ұшырған сен» –деп жұрт алдында мерейін асқақтата көтеретін ақындардың бірден-ақ суып сала беруі арқасына аяздай батып, еңсесін езген.

 Ал аймақтың бас ақыны мұнымен әлдеқалай кездесе қалғанда алара қарап, іркіле қалса, кірерге тесік таппай пүшәйман  күйге түсетін.
Бас ақынның ішімдікке салынып, маскүнемге айнала бастағанын көргенде бір түрлі айызы қанып: «Өлең киесі қойсын ба, бұл итке сол керек»,- дер еді  іштей кіжініп. 

Ақыры, редакторға кісі салып жалынып, жалпайып жүріп мәдениет бөлімінің әдеби қызметкерлігіне ауысқан. «Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, дәл сол тұста Алматыдан Алмағайып атты ақын келіп, аймақ оқырмандарымен кездесу өткізді. 

Бірер жас ақын өлең оқыды. Солардың бірінің өлтірсең де өлең деуге келмейтін өлеңсымағы Алмағайып ақынға ұнап қалса керек . Кездесуге ұйтқы болып отырған үшінші хатшыға қарата: «Сіздердің аймақтарыңызда мына жігіттен басқа ақын жоқ. 

Анау ақын, мынау ақын деп жүргендеріңіз – далбаса», -демесі бар емес пе?.. 

Ол  мұның бастығына, бастығы бұған иек қақты. Естідің бе дегені болар?.. 

Ал мұның бойын «осының соңы немен тынар екен?» деген түйне түйткіл меңдеп бара жатты.


   Сүлеймен Баязитов

1
0
541

Қотақжеген Амбасов

Қотақжеген Амбасов, по русски Хуеплёт Пиздоголовкин... Обозначение, которое придумано мной для идентификации особо колоритных и одиозных фигур казахского национал-патриотического движения. Давно не нюхал пороху на полях их отчаянных баталий за духовность по казахски, но последний визит поверг меня в брезгливое недоумение и даже шок. Оказалось, что сейчас полным ходом идет, на государственном уровне, работа по переделке (адаптации, транслитерации) иностранных слов под фонетические условия казахского языка. То есть, отныне и навеки бухтение и блеяние колхозного быдло-слэнга вроде трәктәріс и кәмүніс могут стать предметом литературного и протокольного официоза, а модифицированная версия шала-казахского языка получит статус государственного...

Мы продолжаем гнуть линию исторических традиций - чем тупее инициатива, тем больше желающих на ней обрасти жирком. Поэтому реформа казахского языка, которую затеяла чета Амбасовых, получила широкий отклик в среде отечественных "Емель на печке". Посудите сами - слово "модификация" вероятно будет и писаться и звучаться как "мәдипікасия", "инвентаризация" как "іңбіртарзасия", "консерватизм" как "қансербітізм" и прочая адская хуета. Принимая во внимание что таких "нежелательных" терминов не пять-десять, не сотня-другая, а десятки-сотни тысяч, страшно представить как будет выглядеть казахский язык будущего. Нужно поздравить Амбасовых, нашли себе дармовую, непрерывную и непыльную работенку в условиях постоянного пополнения мирового лексикона все новыми и новыми терминами благодаря заморским двигателям научного прогресса. Сами то в этой части как прозвище, которым я их нарек...

Разумеется большинство из них т.н. борцы с русским влиянием, хотя ни черта не понимают что это такое. К примеру, проявляют решительность в избавлении от суффиксов и окончаний в форме "-ция" как "вероломно" введенных по указке Москвы. Хорошо, допустим это так, но с чего они взяли, что все слова с окончаниями "-ция" имеют русские корни?!? А вот ни хрена - они заимствованы из польского языка, русскими же. Нет у нас букв "в" и "ф", так давайте добавим, что в этом дурного?!? Казахский язык что, от этого пострадает или опозорится?!? Назовем требованием времени и ситуации, как в случае с латинским алфавитом, модернизацией. А что, не так?!? Избавление под предлогом "это русское, плохое" сама цель?!? Ой да в английском языке есть эти буквы и "в" и "ф", перепишем учебники что заимствованы оттуда, делов то, если так бесит русский...

Но раздражительней всего то, что с настоящим русским влиянием, с истинными русскими уродствами они не то что не думают, даже и не хотят бороться и избавляться. С мерзким милитаристским сознанием "пасть порву, бомбами закидаю", с агрессивными быдло-петушинными формами общения, с деспотической и крохоборной системой управления, с лицемерной и лживой концепцией оценок и взглядов на мир, с брюхократией и мракобесием, с разгильдяйством и косностью, с пристрастиями жрать спирт до смерти... Вот этому "русскому влиянию", которое действительно тащит нас все глубже в жопу, они противостоять не хотят. По их мнению наштамповать по-больше плакатов с батырами, дрочить на них массово, петушиться на китайцев и выпилить все иностранные слова из лексикона и есть верный путь к т.н. "Казахскому Ренессансу". Қотақжеген амбастар... Пиздоголовые хуеплеты... 

1
1
904

Қазақтың қызы – қоғамның қызы

Жақында бір ғылыми конференцияға қатысқан едім. Сөз алған баяндамашылардың бірі «Бүгінгі қоғамда қазақ қызының ағасы жоқ» деген мәселенің шет жағасын қозғады. 

Расында қазақ қызының қоғамдағы рөлі мен орны, оның құқығы мен статусы жайында сөз қозғалады ма және бұл мәселеге көңіл бөлінеді ме деген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. 

Шынын айту керек, егер қазақ қызы өзінің қоғам тарапынан бағалануын қаласа, бірінші кезекте өзінің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына көңіл бөлуі тиіс. 

Осы ретте қазақ қыздарына үндеу тастағым келеді. Күн сайын макияж жасауға кететін уақыттарыңды, Инстаграмда орналастыруға арналған жасанды күлкіге толы фотоларды түсіріп, олардың ішінен «ең жақсы шыққанын» таңдауға кететін уақыттарыңды, апта сайын ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді аралауға кететін уақыттарыңды біраз болса да, жақсы бір кітап оқуға, осы қоғамның бір мүшесі екендеріңді сезінуге жұмсауға үгіттеймін. 

Егер жасанды кірпік пен бояма қасқа бөлінетін алтын уақыттарыңды адами қасиеттерің мен бойларыңдағы әлеуетті дамытуға жұмсасаңдар, қоғамның басқа мүшелері сендерге, оның ішінде мен де бармын, басқа көзбен қарайды. Көшеде кешкі уақытта кездестірген бір ер адам саған ағалық мейірімін білдіріп, үйіңе дейін апарып тастайды. Келеңсіз бір жағдайларда саған қарап күлмей, кересінше інілік ілтипатын көрсететін болады. Мұның бәрі әр адамның өз басынан басталатыны сөзсіз. Себебі әр адамның өмірі белгілі бір дәрежеде оның ішкі жан дүниесінің көрінісі болып табылады. Сондықтан егер біз – қазақ қыздары ағамыз жасындағы азаматтардың бізге аға ретінде, ал ініміз жасындағы азаматтардың іні ретінде қарағанын, әкеміз жасындағы азаматтардың әке ретінде қарағанын қаласақ, брінші өзімізден бастауымыз керек. Болашақ жар, болашақ ана атанатын қыздарды осыған шақырамын.

Ойлай білетін адам түсінер деген ойдамын...

2
4
1063

Қазақ пен арақ

(Сықақ)

Қазақ пен арақтың ара- жігі

Қашан біріккенін,

Аз - мазырақ жілік тегін.

Қашан болғанда...

Қазекең

Ертеден арақ - шараптың дәмін біліп жүрген,

Қара таяқтар,

Ішіп алып ыржақтап күліп жүрген.

Бірақ араққа бой бере қоймаған, Ақыры,

ХX - ғасырдың екінші жартысында

Аракең

Қазақты мықтап сүріндірген.

Шал - кемпірі,

Ұлы - қызы, жұрағаты

Күн демей түн демей,

Суша сімірген.

Ішпесе тұра алмайтын күйге жетті.

Сөйтіп арақ қазақты

Күйзелтті, күңірентті,

Талай жайсаң келмеске бұрды бетті.

Өртеніп өлгені, ығып өлгені,

Өзіне - өзі пышақ сұғып өлгені.

Асылғаны,

Аварияда күлі шашылғаны.

Өзгесін бұлай қойып,

Уға бас ұрғаны,

Сандаған мыңға жеткен болар.

Мұны бір деңіз,

Орыспен қосылып іргеміз,

Тыңды игеруге білек түргенбіз.

Оған дейін аз ішкенбіз,

Қоныстас болған соң бәсекеге түскенбіз.

Олар етігін жуса,

Біз де жуғанбыз.

Тауығы жұмыртқалап,

Сиыр туса,

Қуанышын бөліскенбіз.

Талай, талай

«Русская водканы» бөле ішкенбіз.

Келе-келе олар біздің маңымызға

-Маңыңыз не?

-Қара шаңымызға

Ілеспей қалған.

Өйткені малдан

Бізде бие бар,

Ол құлындамай ма?

Қазекең  құлынды ырымдамай ма?

Содан құлынды жумай ма?

Қой - қозы, ешкі - лақты

Ауызға алу артық мұндайда.

Сонан соң Құдай бере салған,

Күттірген үміт алдан.

Су мұрындар да жетерлік

Жылда бір - бір құрсақ көтеріп,

Оған тәуба етелік,

Жататын жеңгелер,

Келіндер аз ба?

Бірі қыста, бірі жазда

Шақалақты жуу,

Жыл бойы үзіліп көрді ме?

Қысқасы, Құдай қазаққа берді де

Тұрды,

Берді де  тұрды.

Бір жағынан Құдай беріп жатса,

Екінші жағынан шайтан ұрып,

Жіберді емес пе мәңгі қылып.

Содан айтып - айтпай не керек?

Ит болып үріп,

Шошқадай қорсылдадық.

Бүркітше бүріп,

Бірімізді – біріміз өлтірдік ұрып.

Ең соңғы бір дерек,

Енді

Апталап, айлап жатып

Ішуді шығардық

Көйлек - көншегімізді сатып.

Тию көрмей ұл өсті,

Тәрбие көрмей қыз өсті.

Әйелімізді соңымыздан ерттік,

Мас болған әйелін арқалап

Жүргенін еркектің

Көрмедім ар санап.

Жә, осы да жетер енді,

Қазағым, еңсеңді көтер енді!

«Бір жұмақтың, бір тозағы бар» деген,

Ұят - намыс,

Қалғымаса ар деген,

Қайта орал қазақы қалпыңа!

Бабадан мирас салтыңды

Аштыра берме араққа!

Ана бір таса жеріңді

Көрсетпейтін жалпыға.

Сүлеймен Баязитов

-1
0
976
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз