Мазмұнға өту
Общество
Общество

Общество

7 686 жазбалар986 тіркелуші

Будь в курсе того, что происходит в Казахстане!

Сен де актерсің?!

Əр адамның бойында актерлік қабілет болады. Ол қабілетті сіздер тек киноға түсуші актер немесе актрисалардан емес, өз бойыңыздан да табасыз. Себебі, өмір ол - кино ал сіз актерсіз. Жоғары жақтан сіздің киноңыздың сценарийі жазылып қойған. 🔸️Сіз тек театр немесе кино актері ретінде берілген рөліңізді сомдап шығасыз. Əр түрлі рөлдер болады. Оны қоғамның əр бөлшегінен, айналаңыздағы адамдардан-ақ байқайсыз, өмір оған қандай рөл тағайындағанын. 🔸️Сіздің күнделікті жұмысыңыздағы, оқудағы, үйдегі көңіл күйіңіз əр түрлі болады. Жұмыстастарыңызды, я болмаса бастығыңызды ұнатпасаңыз да, сөйлесуіңізге, оны жек көрмейтініңізді барынша көрсетесіз. Ол, актерлік қабілетіңіз. 🔸️Өмірдің əр түрлі сынақтарына дайын болмасаңыз да, сізді режиссеріңіз ☝️ қалыпқа келтіреді. Бір уақытта көкке көтере алады. Б…

3
0
710

Қолды болған қоңыр кітап немесе Ә.Нұршайықовтың «Алыстағы Сүлеймен Баязитов ауданда» очеркі хақында

Ол жылдарда жақсы кітапты қолға түсіру, оны оқып шығу өзін сәл-пәл сауатты санайтын кез келген кеңес адамының ізгі мұраты саналатын. Солардың көпшілігі кітаптан ақша аямайтын, сатып алатын. Қай үйге барсаңда, кітап сөресі бос болмайтын. Ол кезде Әзілхан Нұршайықовтың шығармалары қолдан қолға тимейтін. Ал мен жұмыс істейтін Баянауыл аудандық «Жеңіс» ( қазіргі«Баянтау») газетіндегі сақа журналистер Әзілхан Нұршайықовтың облыстық «Қызыл ту» газетінде редактор болғанын, одан кейінгі жерде «Социалистік Қазақстанның» осы облыстағы меншікті тілшісі болғанын жырдай ғып айтатын. Оның жазушылық жолының алтын баспалдағы журналистикадан басталғанын естіп білу менің оған деген құштарлығымды арттыра түсті. Бірде кітап дүкеніне кірсем, Әзілхан Нұршайықовтың«Қазақстан» баспасынан жаңада ғана жарық көрген…

1
0
1756

«Мен – қазақпын» шығармасына деген көзқарасыңыз қандай?

Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» шығармасына негізделген Ерболат Құдайбергеннің әнін естімеген қазақ жоқ шығар. Осы шығарманың негізгі өзегіне айналған келесі жолдар әр қазақтың бойында ұлтына деген махаббат сезімін оятып қана қоймай, мақтанышқа да бөлейтіні анық.Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.Бұған келесі өлең жолдарын қосыңыз:Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен Европа да, Азия да емеспін мен. Аралықпын, жетінші материктей, Бірақ барша адаммен тел өстім мен.Көбісі бұл шығарманы өлең деп ойлайтыны да белгілі. Сондықтан болар, өлең емес, поэма ретінде жазылған «Мен – қазақпынды» басынан аяғына дейін оқып шыққан қазақтың санын аз-ау. Себебі мектеп қабырғасында бізге бұл шығарманың…

0
0
3092

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасын қолдау мақсатында...

Осы сөздермен бастап, қазақ лиро-эпостық жырларының ішіндегі ең беделділерінің бірі «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқу зиялы қауым өкілдері мен шенеуніктер, әртістер мен ұлт жанашырлары үшін эстафетаға айналғалы қашан. Игі бастаманың астарында үлкен саясат, соның ішінде қазақ тілін, қазақ әдебиеті мен материалдық емес мәдениетін қолдау мәселесі жатқаны баршаға аян. Дегенмен, халық ауыз әдебиеті інжу-маржандарының бірінен үзінді оқыған кезде, бірқатар шенеуніктің тілінің күрмеліп, қазақтың қарапайым сөздерінің өзін әзер-әзер оқып жатқанын аңғару қиын емес-ақ.Бұл кісілер үшін жырдан кіші-гірім бір үзінді ғана жаттау қажеттілігі бар екендігін ескерсек (әрине, жырды басынан аяғына дейін жатқа оқып бере алатын айтыскерлеріміздің, филолог мамандарымыздың, әдебиеттанушыларымыз бен тіл жанашырлар…

0
0
948

«Күтіп алам жұмақтың қақпасынан...»

Күні кеше біздің Ақсу қаласында тағы да жантүршігерлік оқиға ашық күнде жай түскендей етті. Ауылдан қалаға оқуға келген қыз жаза басып, екіқабат болып қалған. Сөйтіп, 9 ай көтерген нәрестесін қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. «Сәбидің өлі денесін жаяу жүргіншілер тауып алыпты. Полиция жас босанып, қолын қанға малған әйелді тауып алыпты. Нәресте өмірге сау келген, салмағы 3 келі 450 грамм, бойы - 51 см.» дейді ресми хабарларда. Тағы бір хабар - Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыр соққыдан денесі көгерген 4 айлық нәресте жеткізіліпті. Соңғы жылдары елімізде осындай қатыгездік оқиға жиі кездесетін болды. Не айтуға болады? Іштен шыққан нәрестені тірідей (?) лақтырып жіберу үшін қара таудай ерік-жігер, қара таудай қаныпезерлік керек емес пе?! Шырылдап жылап қоймаған нәресте…

0
0
782

Тағдыр тәлкегі

ХикаятБәкен қариямен ана бір жылдарда танысқан едім. Ентіге басып, купеге енген қарттың кеудесіндегі орден, медальдары сыңғыр-сыңғыр етіп, өзіне назар аудартты.- Балалардың көліктері босамай, әйтеуір үлгердім-ау, тәуба,-деді қарт ентігін басып отырғаннан кейін. – Таңның атысы, күннің батысы тірліктері бір бітпейді. Әңгімесінен, жүріс-тұрысынан қазақы қалып аңғарылады, ешкімді жатсынбай «балам, қалқам, шырағым» деп отырған қария ширақ қимылмен сөмкесін ашып, үстелге дәм қоя бастады. «Келіңдер, шәй-пәй ішіп алайық» деп, шайға шақырды. Поезд әйнегінен сыртқа көз тастап қойып, әңгімелесіп отырмыз. Қария Ақтөбе жақтан, Шалқар станциясынан екен. Павлодарда тұрмыс құрған қызының үйіне барып, он шақты күн жатыпты. «Соғыс... соғысқа қатысқан екенсіз. Жол қысқарсын, есіңізде қалған қызықты оқиғалар…

0
0
984

Ай түбіне лақтырған ақсүйегім

Өмірден ертерек кеткен әкем Молдайыптың рухынаБиыл көктем Көкше өзені тағы арнасынан аса жаздап, қатты тасыды. Әйтсе де маңдайдан сүйген күн нұры мен алтынкүрек құшағына алар осы бір шақ Сұрша кемпірге сонау қыр астында қалған көгілдір көктемді есіне салатын.Қатал тағдыр – асау су өткен бермес,Ардағым, қалдың мәңгі болып елес.Ай түбіне лақтырған ақсүйегім,Көз алдымнан Ай бейнең кетер емес,-деп алып, «о-оһ» деп ауыр күрсінер еді. Күрсінер еді де, нақты сөзі жоқ, тіпті әні де күңгірттеу, әлде зар, әлде жоқтау, әлде сартап сағыныш... кім біліпті, әйтеуір тыңдаған жанның бойын шымырлатар әлдебір әуенді ыңылдап, үнсіз мүлгитін.Кезінде «Сұрша қыз», қазір «Сұрша апа» атанған, жасы сексеннің бел ортасына шыққан ұзын бойлы, ақ сұр кейуананың биік қабағы мен қыр мұрыны, бет пішіні, бой-басы құйылға…

0
0
818

Сен жақсы көр!

Көп кездсетін сұрақ?! Сен жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсыма, сені жақсы көретін адаммен жұптасқан жақсы ма? Сіз қай нұсқаны таңдайсыз? Мен жақсы көретін адаммен болғым келеді. Неге? Себебі мен адаммын. Мен қай қызға көңілім түседі. Сол қызбен бірге болуды жөн санаймын. Өйткені мен өзіме ұнамайтын қызбен бірге болсам, оны бақытты ете алмаймын. Себебі мен ол қызға назар аударуға деген құштарлығым болмайды. Ал, керісінше мен өзім ұнататын қызға көңіл аударсам, мен сол қыздың бар жағдайын жасап, көңілінен шығатын амалдарымды істеймін. Сол арқылы оның маған деген көңілін оята аламын. Кейін бақытты қыла аламын. Сондықтан мен өзің жақсы көретін адамға тартылған дұрыс деп есептеймін. Жігіттер жағы мен жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бұл менің жеке көзқарасым. Оқығандарыңызға рахмет!

2
8
1600

Өзіңді жақсы көр

Иа, өзіңді жақсы көруді үйрен. Өзін жақсы көретін адамды былай қарасаң, үсті-басына қарап қалған, айнаның алдынан шықпайтын адам ретінде емес, өзінен еш нәрсені аямайтын, өзіне жамандық тілемейтін, барлығы жақсы болып тұрғанын қалайтын адамдар тобына жатқызар едім. Өзін жақсы көре білу тек әйел адамдарға емес, ер адамдарға да керек нәрсе. Өйткені, мен өзімді жақсы көрсем, мен өмірде не қалайтыным, не армандайтыным, маған белгілі болады. Өзіме жақсы қараймын, арық/толық болсам, спортқа барамын. Себебі дәл қазір маған спорт керек. Жақсы киім алып киемін, себебі мен өзім туралы алғашқы ой жақсы қалыптасқанын қалаймын. Себебі киіміне қарап қарсы алады. Ал, ол үшін мен оны әуел бастан жазып аламын, кейін басқа нәрселерге уақытымды бөліп, бас қатырмаймын. Адам жақсы көретін адамын бағалап, күні…

1
4
1813