Махабатты қалай елестетесіз?.
Көбі айтады, жоқ көбі емес, барлығының айтатыны бір сөз. Адамның бетіне, сұлулығына ғашық болмаңдар, керісінше оның ақылына ғашық болыңдар, мінезін жақсы көріңдер деп жатады. Ал, ең күлкілісі бұл сөзді жиі айтатындар үйленбеген немесе тұрмыс құрмағандар. Өзіңізді бұлай алдаудың еш қажеті жоқ. Солай айтатын әрбір адамның ойында бір идеал адамы бар. 《Бір көргеннен ғашық болдым деген бар》. Ондай жағдаймен көшеде немесе бір отырыста, тойда кездесіп қалуларыңыз мүмкін. Қыз бен жігіт кездесіп қалса, көзге бірінші түсетіні оның ақылы, адамгершілігі емес, көзге түсетіні оның бет келбеті, сұлулығы, тартымдылығы, харизмасы. Осы аталғандарды көріп, ғашықтық сезімі оянған кезде ғана, оның мінезін, имандылығын, жан дүниесін білуге деген құштарлығы артады. Сөйтіп оның мінезіне, ақылына ғашық болады. Қосылғаннан кейін арада жылдар өтеді, алғашқы көргендегі сұлулық сол қалпында қалуы екіталай. Бір-біріне деген сезімі, сыйластығы мен бауыр басушылығы сақталады. Мен әлі күнге сыртқы келбетіне назар аудармай, жан сұлулығына ғашық болып, соған үйленген адамды көрген емеспін. Мүмкін бар шығар, көпке топырақ шашпаймын. Ал, менің сөзіммен келіспейтін, айтқан сөздеріне берік адамдарға айтарым: ӨМІРДЕ тек қана сəттілік!!!
