ТОП-6: 22-26 маусым аралығындағы жаңалықтарға шолу (БЕЙНЕ)
Енді рет ретімен айтар болсақ. №1 . Лентасыз парад Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды. Қазақстандықтар үшін парадтың өзінен бұрын Тоқаевтың георгий лентасын тақпағаны//басты жаңалық болды. Халық Қазақстан Президентінің қызыл-ала лентаны тақпай шыққанына және қызыл алаңда қазақстандық сарбаздар жүріп өткенде орнынан тұрып құрмет көрсеткеніне риза болып, сүйсінді. №2. «Той тойлап жүретін уақыт емес» «Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес». Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында кейбір азаматтардың пандемияға қарамастан той өткізуге рұқсат беруді талап етіп хат жазғанын айтты. Президент болса, қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын кез келді. Бүгінгідей технологи…
