Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев телевизия арқылы үндеу жасайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы наурыздың 16-ы, сағат 08:00-ден 2020 жылғы 15 сәуір күнгі сағат 07:00-ге дейін төтенше жағдай енгізді.Президент төтенше жағдай кезеңінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия құрды. Оның құрамына Премьер-Министр, бірқатар жоғары мемлекеттік орган басшылары кірді. Жарлыққа сәйкес, төтенше жағдай кезінде мынандай шаралар мен уақытша шектеулер енгізіледі.1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметін…