Шағын және орта кәсіпкерлікті ірі өндіріс орындарына айналдыру көзделіп отыр
Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр.Ресми ақпартқа сүйенсек, қалада 130 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысан бар. 2023 жылдың екінші тоқсандағы мәліметке сәйкес, ондағы өндірілген өнімнің көлемі 1,1 триллион теңге болып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,9 пайызға артқанын көрсетті.Кәсіпкерлікті ілгерілетіп, отандық өнімдердің үлесін арттыру үшін жыл басынан бері 3 592 жобаға 18,3 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілген.Мемлекет тарапынан қабылданған ұлттық жобаның негізгі мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлікті ірі өндіріс орындарына айналдыру. Ең алдымен кәсібін өркендетуге ниеттенген кәсіпкерге Ұлттық жобаның аясында 8 пайызбен 3 миллиард теңгеге дейін жеңілдетілген несие қарасты…
