Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

Күнгейдегі мегаполисте 240-тан астам көше жөндеуден өткізілді

Биыл Шымкентте жолдарды жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіруді 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта ірі жолайырықтардан бөлек, жол жамылғысы тозған, магистралды және ішкі көшелерді жөндеуге басымдық берілген.2023 жылы шаһарда 245 орталық магистраль және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда соның 241 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, орталықта жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтетін болса, оның бірқатарында құрылыс аяқталды. Олар – Уәлиханов, Гагарин, Дулати, Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Желтоқсан, Назарбеков, Аймауытов, Қабанбай батыр, Анаров, Жансүгіров, Абай, Алпысбаев, Орынбаев көшелері.Құрылысы қызу жүріп жатқан нысанның бірі – қаланы…

0
0
207

Екпеден бас тартпаған абзал

Шымкентте баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға вакцинаның маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Балалардың уақытында екпе алуының маңызы зор. Бүгін осы мәселе бойынша емханаға қарасты екпеден бас тартқан ата-аналармен түсіндірме жұмысы жүргізілді.Аула аралау барысында Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Тілеубергенова екпенің маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек аула аралауға, емхананың бөлім меңгерушілері,эпидемиолог , иммунолог дәрігерлер, психолог мамандар, әлеуметтік қызметкерлер, бас мейіргер, аға мейіргер қатысты.Алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің мамандары, иммунолог, эпидемиолог, инфекционист дәрігерлер вакцинаның денсаулыққа тиімділігі, ағзаға әсері, әсіресе балаларда кездесетін…

0
0
229

Шымкенттік жастар 16 күндік акция аясында флешмоб өткізді

Бұл акцияға үшінші мегаполис тұрғындары басталған күннен үн қосып келеді.«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» Шымкент қаласының жастары Әл-Фараби алаңында осындай атаумен флешмоб өткізді. Іс-шара еліміздің ішкі істер министрлігінің нұсқауымен жүргізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында өтті.«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған флешмобқа полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен қала жаста…

0
0
213

Күнгейдегі мегаполисте ғылымды дамытуға мол мүмкіндік бар

Шымкентте алғаш рет жас ғалымдар слеті өтті.«QazScience: жас ғалымдар слеті» атты ғылыми іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды. Бұған Шымкент қаласының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Alageum Electric» АҚ мұрындық болып отыр.Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан осындай жиынға өңірдегі ЖОО басшылары, бизнес пен индустрия саласында жетістікке жеткен ірі өндіріс орындарының жетекшілері мен медицина, энергетика, нанотехнология, аграрлық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардың ғалымдары мен олардың жас әріптестері қатысты.Слетті Ұлттық ғылыми академиясының президенті Күнсұлу Закарья ашып беріп, бүгінгі жас ғалымдардың слеті еліміздің ғылыми әлеуетін, ғылым мен өндірістің байланысын, ондағы туындаған мәселелерді ортаға салып, жастардың ұсынысы…

0
0
188

«Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында шымкенттіктердің өтініш-тілектері тыңдалды

Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасы кеше Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты.Жоба аясында қала әкімдігі тарапынан әртүрлі сала өкілдерінен құрылған арнайы топ Сәуле ықшамауданы №76 мектепте қоғамдық қабылдау өткізді.Арнайы топтың құрамында қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары, полиция мен прократура өкілдері, дін, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары бар. Ықшамаудан тұрғындары мамандардың қабылдауында болып, толғандарған мәселесін жеткізді.«Бүгінгі қоғамдық қабылдауға Забадам ықшамауданындағы 5 көшеге бейнебақылау камерасын орнатып беру мәселесімен келдім. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аудан әкімдігі мен аудандық Полиция басқармасына өтінім берген едік. Өтінішіміз қолдау тапқанын есіт…

0
0
154

Медицина мамандары шет елде кәсіби шеберлігін шыңдады

30-дан астам шымкенттік дәрігер Түркияда біліктілігін арттырды.Түркияда ұйымдастырылған біліктілікті арттыру бағытындағы кешенді шараларға күнгейлік мегаполистің медицина ұйымдарындағы бейінді мамандар – акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, реабилитологтар, гематологтар, онкогематологтар, хирургтер, урологтар, травматологтар, неврологтар, эндокринологтар, кардиологтар мен онкохирургтер қатысты.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы Түркия мемлекетінің алдыңғы қатарлы мамандандырылған «Acibadem Healthcare Group Hospitals/ Acibadem University» орталығымен келісім-шарт жасаған. Ортақ келісім негізінде 32 медицина қызметкері біліктілігін арттырып қайтты.Дәрігерле…

0
0
227

Қаланы таза ұстау және абаттандыру ісінде жастардың үлесі мол

Күнгейдегі мегаполисте «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Оның ұраны – «Сен және мен – таза әлем!»Көрме орталығында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының қолдауымен және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеште қаламызды тазалауға атсалысып, абаттандырумен айналысқан жастар марапатталды.Елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл ел» жобасына 1 500 жастан құралған еңбек жасағы қатысты. Биылғы күз маусымында «Жасыл қала», «Эко-керуен», «Қамқор», «Салауатты ұрпақ», «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы бойынша жұмыстар атқарылды.«Қала жастарын еңбекке баулу арқылы туған жерді қадірлеп, қастерлеуге үйретеміз. «Жасыл ел» бағдарламасы өмір…

0
0
382

«Ерікті еріккеннің ісі емес». Шымкентте волонтерлер форумы өтті

Күнгейдегі мегаполисте Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Шымкент қалалық еріктілер форумы өтті.«Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шара Халықаралық волонтерлер күніне арналды.Еріктілер қазірдің өзінде көп іс атқарып келеді. Көпбалалы отбасыларға, мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізіп, қиын-қыстау уақытта шұғыл көмектесіп, аянбай қызмет етуде.–«Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры Шымкент қаласында еріктілер күніне орай, алғаш рет форум ұйымдастырып отырмыз. Қазақта «Ерікті еріккеннің ісі емес» деген керемет сөз бар. Осы құндылықты жастарға кеңінен түсіндіре білдік деген сенімдемін. Бүгінге дейін елімізде болып жатқан жағдай, қаншама істерде халықтың жанынан табылып жатқан осы еріктілер. Олар қоғамда өзін дәлелдеп те жүр. Жас…

0
0
269

Күнгейдегі мегаполисті цифрландыру жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр

Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі.Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станция орнатылғанын, солардың бірі Ж.Шанин атындағы театр ғимаратының шатырына қойылғанын бұған дейін хабарлағанбыз.Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов театр шатырындағы базалық станциының осы өнер ордасы маңындағы 1 шақырым аумақты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитынын жеткізді. Оның айтуынша, 4G технологиясымен таралатын интернет жылдамдығы секундына 10 Мбит-тен жоғары болса, қазіргі озық технологиядағы станцияда 100-200 Мбит аралығында болады.«Бүгінде тұрғындар интернет жылдамдығы төмендегені жайында жиі шағым а…

0
0
168

Шымкенттік жас боксшы әлем чемпионы атанды

Армения астанасы – Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті.Байрақты бәсекеде шымкенттік спортшы Нұрасыл Төлебек алтын медальға қол жеткізді. Ол 54 келі салмақта бақ сынап, тұғыры биік жеңіс жолында 4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Нұрасылдың финалда үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасқанын айта кеткен жөн. Бұл жекпе-жектің қорытынды есебі қазақстандық спортшының пайдасына 4:1 болды.Әлем чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек — Шымкент қаласы Бокс клубының шәкірті. Оны осы клубтың бапкері Думан Байтелиев жаттықтырады.Айта кетейік, 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғады.Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты кеше, яғни 4…

0
0
208