Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: тазалық жұмысы әрі өнеге, әрі игі іс

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда.Соның бірі «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты.Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгі…

0
0
545

Тазалық ауладан басталады

Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда.Осы аптада «Өнегелі ұрпақ»науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында» ұйымдастырылды. Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты.- «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылым…

0
0
582

100-ге келген ардагерге құрмет

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерін орып, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған бір топ белсенділер, студент жастар, еріктілер ҰОС ардагері Нина Мосунованың шаңырағына бас сұқты. Жастар ауланы тазартып, ағаш түптерін қопсытты. Қоршауларды сырлады. Бүгінде Шымкентте екі-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі – Нина Мосунова. Қария биыл 100-ге келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. Соғыстан соң кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.«Бізге бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және…

0
0
618

Шымкентте «Өткенге құрмет – бүгінгі міндет» атты тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында кең өріс алуда. Бұл игілікті жұмыс Шымкентте де ауқымын кеңейте түсті. Бүгін таңертеңнен бастап қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар мен ерікті жастар, ардагерлер мен оқушылар бұл игілікті шараға белсенділікпен атсалысуда.Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары мен көріктендіру, абаттандыру шаралары, шөп ору, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары қызу жүргізілуде. Одан бөлек, 3,3 шақырым ирригациялық арық жүйесі, 9,7 шақырым жол жиектері тазартылса, 130 тонна күл-қоқыс шығарылды.Бұл жұмыстарға қаланың 9500-ден аса тұрғыны мен 112 техника жұмылдырылды.Акция аясында белсенді тұрғындардың бастамасымен «Өткенге құрмет…

0
0
506

Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салатын болды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған "Aksa Energy" компаниясының өкілдері кездесіп,  қуаттылығы 500 МВт-қа дейін жететін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды.Шаһар әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қондырғының құрылысы биыл басталады.Мегаполис басшысы жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, жергілікті бюджетке қосымша кіріс әкелетінін атап өтті.Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы шаһар тұрғындарын сапалы электр және жылу энергияларымен және ыстық сумен қамтамасыз ету көзделіп отырғанын ерекше атап өткен жөн. Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Ал зауыт іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын…

0
0
414

Шымкентте коллектор апатынан баспанасы бүлінген зейнеткерге үйдің кілті берілді

Шымкент қаласының басшысы Ғабит Сыздықбеков коллектор апатынан баспанасы бүлінген зейнеткерге үйдің кілтін табыстады. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Соның салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді. Бүгін қала басшысы кезекті аралау барысында Людм…

0
0
393

Сессияда қаланың даму бағыттарын айқындайтын маңызды шешімдер кабылданды

Мәслихаттың он бірінші сессиясының күн тәртібінде қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы қаралып, 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды.Үш бағыт, 17 мақсат, 104 индикатор қамтылған Даму жоспарындағы осыған дейін 41 индикаторға қол жеткізілді. «Аймақ экономикасының өсімі» бағытында жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 880 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы көлемін 48,7 млрд теңгеге, инвестицияны 722 млрд теңгеге, экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін 10%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ ауыз сумен қамту 99%-ға, жақсы және қанағанаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2%-ға жеткізіледі, жыл соңына дейін 1 073 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Биыл қалада үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді, ал емханала…

0
0
495

Коммуналдық қызмет қардан тазалау жұмыстарына жедел кірісті

Шымкентте бүгін түс қайтқаннан бері толассыз қар жауып жатыр. Ауа райына байланысты қала аумағында қардан тазалау шаралары күшейтілді. Мегаполисте 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарына кірісіп, тәулік бойы жұмыс істейді.Абай ауданы аумағындағы ішкі орамдық көшелердегі аяқ жолдар және 165 аялдама қардан тазаланды. Сондай-ақ 107 көпқабатты тұрғын үй үйлаларын тазалауға 10 бригада 210 жұмысшы жұмылдырылған. Қар тазалау жұмыстарын мердігер мекемелер “Sana global” ЖШС, “Шымкентспецкомлекс” ЖШС, “Desupport” ЖШС және “Абай” коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Жолдарға тайғаққа қарсы инертті материалдар себілді. Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерді тазалауға "Таза Өлке" ЖШС-і тарапын…

0
0
459

Шымкент театрлары көрермен ықыласына бөленіп келеді

Шымкент қаласында театрларда жаңа маусым шымылдығы ашылғалы жаңа премьераларды театр сүйер көрермен ыстық ықыласпен тамашалауда. Нақтырақ тоқталсақ, Шымкент қалалық опера және балет театры хор ұжымының «Күтем сені» композициялық драманың премьерасын қалың көрермен зор құрметпен қабылдады. 8-9-10 желтоқсан күндері Дж.Вердидің «Трубадур» 3 актілі опера премьерасы көрерменге жол тартты. Ал Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі, белгілі өнер иесі Жүсіп Ақшора тұңғыш рет трагедиялық Д.Исабековтың «Сүйекші» қойылымын жоғары деңгейде алып шықты. Биыл сатиралықтар Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді. Шымкент қалалық орыс драма театры «Ревизор» қойылы…

0
0
518

ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ШҰҒЫЛ ШЕШІЛДІ

Қаламыздағы Қаратау ауданындағы Тұран-1 шағынауданында 11 көпқабатты тұрғын үйде орын алған мәселе жедел түрде шешімін тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлімдеді.Еске салсақ, аталған шағынауданда көпқабатты тұрғын үйде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде ақау орын алуына байланысты тұрғындар ыстық су мен жылудан уақытша ажыратылған болатын. Орын алған ақауларды жоюда дер кезінде әрекетке көшіп, тиісті жұмыстарға Қаратау ауданының әкімдігі мен «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан 4 бригада жұмылдырылды.– Аталған кемшіліктер тиісті мекеме есебінен қалпына келтірілді. Мамандарымыз шұғыл түрде 500 метрлік, диаметрі 133 мм, 108 мм және 76 мм жылу құбырын ауыстырды. Тұрғы…

0
0
389