Мазмұнға өту
Шымкент жаңалықтары
112 жазбалар4 тіркелуші

Шымкент — Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі, оңтүстікте орналасқан. Қала өзінің ежелгі тарихымен, мәдениетімен және қонақжай халқымен ерекшеленеді. Жасыл саябақтары, заманауи сәулеті мен көркем табиғаты Шымкентті еліміздің ерекше шаһарына айналдырады.

Құрсайда инженерлік инфрақұрылым орнатылуда

Шымкент қаласының Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылуда. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр.

0
0
158

Құрсайда инженерлік инфрақұрылым орнатылуда

Шымкент қаласының Құрсай елдімекеніндегі Жаңақұрылыс аумағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жұмысы қарқынды атқарылуда. Жоба аясында аумаққа электр энергиясының желісі тартылып жатыр.

0
0
170

Аппарат отырысы: өзекті мәселелер қаралды

10 қарашада қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Отырыс барысында жылыту маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, газбен улану және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар, сондай-ақ, жаппай сырғанауға арналған мұз алаңдарын, қысқы демалыс қоғамдық аймақтарын ұйымдастыру, қаланы жаңа жылдық безендіру тұжырымдамасы қаралды.

0
0
177

Шымкент қаласындағы экономикалық даму және инфрақұрылым жаңартулары

➤ Ғабит Сыздықбеков:

➡️ жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.

🟦 Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген.

🟦 Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

➡️ Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғанын айтты.

🟦 Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

➡️ Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндады.

🟦 Жаңаәуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті.

🟦 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.

➡️ жол-көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтты.

🟦 Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды.

🟦 Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

🟦 Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қияләлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.

➤ Президент:

📌 қала экономикасын оданәрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
189

Шымкентте Қытайдан келген туристер полицейлерге алғыс айтты

Шымкент қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасына шетелдік азаматтардан жүрекжарды алғыс хат келіп түсті.

Туристер қалада жүргенде телефонын жоғалтып алған. Оқиға туралы білген полицейлер дереу әрекет етіп, смартфонның таксиде қалғанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары жолаушыларды жүргізушімен кездестіріп, жоғалған телефонды иесіне қайтарып береді. Сонымен қатар полицейлер шетелдік қонақтарға қаланың көрікті жерлері жөнінде мағлұмат беріп, бағыт-бағдар көрсеткен.

⚡️Полицейлердің жанашырлығы мен шымкенттіктердің қонақжайлылығына риза болған туристер арнайы алғыс видеосын жолдады.

https://t.me/POLICE_of_KZ/14497

0
0
368

Жұмат Шанин театрының ашылғанына 95 жыл толғаны толық дәлелденді

Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1929 жылдан басталатыны мұрағат құжаттары арқылы  дәлелденді. Осыған орай театр ұжымы биыл өздерінің 95 жылдық мерейтойын атап өтпек.

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры. Фото: egemen.kz

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы" тақырыбында  дөңгелек үстел барысында айтылды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы Момбек Әбдәкімұлы, белгілі журналист, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай, Ж.Шанин театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек, театрдың көркемдік жетекшісі Сұлтан Оңғарұлы, сонымен қатар театр ұжымы қатысты.

Алқалы жиынды қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, театрдың тарихы жайында тың деректер келтірді.

«Бұған дейін өнер ордасының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептелетін еді. Алайда Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысында «жұмыс істеп тұрған қазақ театрының әлеуетін күшейтуге дереу кірісу» жөнінде нұсқау берілген. Бұл театрдың тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден басталатынын көрсетеді. Архивтен Қызылордадағы Қазақ мемлекеттік театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры) саяси ағарту жөніндегі бас комитет мүшелері жиналысының 1927 жылғы 16 қазандағы хаттамасы алынды. Онда сол театрдың директоры Жұмат Шанин театр режиссерлерінің тапшы екені жөнінде айта келіп «Қазақстанда режиссер болатын тек Аймауытов қана бар, одан басқа режиссер болатындай ешкім жоқ» деп атап көрсеткен. Ал Ж.Аймауытов 1926-1929 жылдары аралығында Шымкентте орналасқан Сырдария округтік қазақ педагогикалық техникумында қызмет атқарған. Демек, Ж.Аймауытовтың сол жылдары Шымкентте театр ісін дамытумен айналысқаны анық», – деді Сәрсен Абайұлы.

Дөңгелек үстелде сөз алған басқа қатысушылар да бұл деректерді растап, театрдың тарихы тереңде екендігін айтты.

Архивтік құжаттар аталған техникумда музыкалық-драмалық үйірме болғанын, онда шәкірттер көркем оқу, пьесаларды талдау, грим, гимнастика, пластика секілді театрға тікелей қатысты пәндерді  оқығанын, бұл үйірме 1927-1929 жылдар аралығында жыл сайын 8-9 қойылымды сахналағанын көрсетеді. Оған қоса 1929 жылдың 28 қыркүйегінде бекітілген «Шымкент қалалық қазақ драма театрының сахнасын жабдықтау бойынша материалдық-шаруашылық шығындар жөніндегі алдын ала смета» деп аталатын құжатта театрдың сахнасын жабдықтауға 7 589 рубль ақша бөлінгені жазылған.

Аталған архивтік құжаттар мен тарихи деректер  Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 1929 жылы ашылғанын толық дәлелдеді. Әрі бұл театр 1929 жылы жоқ жерден пайда бола салмаған. Көрнекті жазушы, драматург Ж.Аймауытов драма үйірмесін ашып, кәсіби театр мамандарын оқытып-дайындап, Шымкентте қазақ ұлттық театрының ашылуына үлкен еңбек сіңірген.

Сондай-ақ, сөз алған театрдың көркемдік жетекшісі Сұлтан Оңғарұлы алдағы жоспарларымен бөлісті. Театрға жаңа бір серпіліс, тың идеялар мен жаңашылдық қосу мақсатында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан 19 студент тәжірибелерін шыңдауға келген.

Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойының аясында биыл қараша айында Орталық Азия театрларының ІХ фестивалі Шымкент қаласында ұйымдастырылады.

0
0
417

Шымкентте жаңа гүлзар ашылды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Жібек жолы және Сайрам көшелерінің қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді.

undefined

Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер есебінен салынып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

undefined

Аталған ауданда 2022 жылы «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға жасаған тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.

Жаңа аллея BIG TULIP атауын иеленген.

Tulip түркі тілінде «қызғалдақ» деген мағына береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін артырады.

undefined

Аталған компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін заңсыз сауда нысандары болған аумақ осылайша абаттанған орынға айналды. Қала әкімі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, мұндай нысандарға бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бәрі де кәсіпкерлердің өз бастамасымен сый ретінде салынуда. Осы іске үлес қосқан сіздерге де рақмет. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Жақсы орындар көбейе берсін. Енді осы нысанды өздеріңіз күтіп-ұстаңыздар. Жалпы халықтың да тазалыққа деген санасы өзгеруі керек. Қазір қалада субұрқақтардың ескірген насостарын ауыстырып жатырмыз. Жақын арада оны да іске қосамыз», – деді Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен кездесуде.

Өз кезегінде қала тұрғындары да шаһар басшысына ризашылығын айтты. Осындай жаңа гүлзарлар көптеп ашылғалы жастардың, жалпы тұрғындардың тазалыққа деген ойы өзгере бастаған.

Қызғалдақ – қаламыздың символы. Big Tulip атауы осы әдемі гүлге адамдардың назарын аудару мақсатында қойылған.

0
0
627

Шымкент: жеңісті жақындатқандарға пәтер кілті берілді

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл жеңіс оңай келген жоқ. Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалады.

undefined

Отанын қорғап, аждаһаның аузынан қайтқан ата-апаларымыздың теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді.

Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған соғыс ардагерлеріне деген құрметіміздің еселене түсері анық. Өйткені, зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлерімздің де қатары тым сиреп барады.

Бүгін Шымкенттіктер де Жеңіс күнін атап өту үшін «Даңқ мемориалына» жиналды. Қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, есімдері қашалып жазылған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шарада батыр бабалардың қайсарлығы мен батылдығы дәріптелді.

undefined

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соғыс және тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау хатын қала әкімі оқып берді. Ал қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі – Нина Егоровна Мосунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан – Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған.

undefined

Әкім бүгін жеңіс күнін жақындатқан екі ардагерді мерекелерімен құттықтай отырып, екі майдангерге пәтер кілтін табыстады.

«Бүгін біз бейбіт аспан астындағы бүгінгідей мамыражай өмір сыйлаған батырларға құрмет көрсетеміз. Біз Жеңістің құндылылығын ешқашан ұмытпаймыз», – деді өз құттықтауында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Өз кезегінде майдангерлер көрсетілген құрметке шексіз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

undefined

0
0
568

Белсенді ардагерлер «Таза Қазақстан» науқанында

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі іс-шарада қаламыздың тазалығына ардагерлер үлес қосты.

undefined

Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті десек болады. Абай саябағына жиналған белсенділер «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

undefined

«Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін», – дейді Кенжехан Төлебаев.

350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті. Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

0
0
605

Мектеп аулаларына ағаш пен гүл отырғызылды

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ»  апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.

undefined

«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында  Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының  атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Тұңғышбаев Руслан Карибаевич, «САМИ» ЖШС-нің бас директоры - Жамашев Сакен Куттыбекович, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында №9, 65, 89, 90, 135 және тағы басқа білім беру мекемелерінде ағаштар отырғызылды. Іс-шараға мегаполистегі барлық білім беру мекемелері жасыл желектер мен гүл отырғызып, соны баптауға ниетті барлық мектеп оқушылары белсенді қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

0
0
951