Барлық уақытта партия алдына ұзақмерзімді стратегиялық міндеттер қойылып, олар сәтті жүзеге асырылды. "Nur Otan" партиясының жетістігі - мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарымызды одан әрі жалғастыру мақсатында "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама – бай тәжірибелерді, шынайы мүмкіндіктерді, нақты жоспарларды қамтыған, әбден жетілген, әлеуметтік-экономикалық, саяси маңызды құжат. Ол - баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, орнықты экономика, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сияқты уақыт талабынан өткен, кез-келген заманауи қажеттіліктерге жауап бере алатын ауқымды бағыттарды қамтыған.Бүгін облыстық…